«БЕКІТЕМІН»
Аудандық мәслихатының төрағасы
____________________ М.Сартов
«5 » қаңтар 2026 жыл
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша
ЖОСПАР
Мақсат: «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың тиімді алдын алуға бағытталған ұйымдық-құқықтық тетіктерді, адамгершілік-психологиялық атмосфераны құру және енгізу.
Міндеттер:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды анықтау және жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық жағдайында жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу;
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мүмкіндігін алып тастайтын ұйымдық-құқықтық тетіктерді әзірлеу және енгізу;
- азаматтар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлық фактілері және сыбайлас жемқорлық факторлары туралы ақпаратқа қол жеткізу, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу (мемлекеттік мекеменің сайты).
|
Іс-шараның атауы |
Өткізу мерзімдері |
Жауапты тұлғалар |
|
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы бағдарламаларды, заңнамалық актілерді, өзге де құжаттарды іске асыру |
||
|
Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, кодекстерін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын зерделеу. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сақтау |
тұрақты |
Мәслихат аппараты |
|
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу. |
тұрақты |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
|
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кадр жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар |
||
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың өзгерістеріне мониторинг жүргізу. |
тұрақты |
Мәслихат аппараты |
|
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. |
тұрақты |
Р.Сергазина, аппарат басшысы |
|
Мемлекеттік қызметші лауазымына үміткер кандидатқа жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуына сұрау салу жіберу. |
Мемлекеттік қызметке түсу кезінде |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
|
Кадр мәселелері бойынша қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» жүйесінде жұмысты жүзеге асыру. |
тұрақты |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
|
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру. |
тұрақты |
Р. Сергазина, аппарат басшысы |
|
3. Ақпараттық-насихаттау жұмысы |
||
|
Мемлекеттік мекеменің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» айдарын жүргізу. |
тұрақты |
А.Ж.Мухамеджанова, бөлімнің бас маманы |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік база туралы ақпаратты сайтта орналастыру. |
|
А.Ж.Мухамеджанова, бөлімнің бас маманы |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша ақпаратты мемлекеттік органның стендтеріне орналастыру. |
|
А.Ж.Мухамеджанова, бөлімнің бас маманы |
|
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органның жұмыс істеуін жетілдіру жөніндегі шаралар |
||
|
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу. |
Тоқсан, жыл қорытындысы бойынша |
Мәслихат төрағасы, аппарат басшысы |
|
Мүлікті түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу, пайдалану тиімділігін талдау. |
Желтоқсан айы |
Мүлікті түгендеу жөніндегі комиссия |
|
Қаржы-шаруашылық қызметті қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асыру |
тұрақты |
Б.А. Омарова, бас маман |
|
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, веб-порталда орналастыру, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы. |
тұрақты |
Б.А. Омарова, бас маман |
|
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен ақша қаражатын заңсыз алу фактілеріне жол бермеуді бақылау |
тұрақты |
Р. Сергазина, аппарат басшысы |
|
ЭҚАБЖ, «Е-Өтініш» бірыңғай электрондық жүйесі, «электрондық үкімет» порталы, сенім телефоны арқылы түсетін мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің мониторингін жүзеге асыру. |
Түсуіне қарай |
Ж. Конакбаева, бас маман |
|
Қазақстан Республикасының ӘРПК сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарының, өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды қамтамасыз ету. |
тұрақты |
Р. Сергазина, аппарат басшысы |
|
«Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды есепке алу журналын» жүргізу. |
тұрақты |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
|
5. Қызметкерлерді құқықтық ағарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыретін арттыру жөніндегі шаралар |
||
|
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. |
Кем дегенде үш жылда бір рет |
Р. Сергазина, аппарат басшысы |
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін зерделеу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу. |
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
|
Бопсалауға, пара алуға, алымдарға және т.б. қатысты сұрақтарды қоса отырып, қызметкерлер арасында анонимді сауалнама жүргізу, анонимді сауалнама нәтижелерін талдау және аппараттық кеңесте талқылау. |
желтоқсан айы |
А.Турлыханова, бөлім басшысы |
_____________________________________________________