Қостанай ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы

Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының

№ 16 ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                                    3  желтоқсан 2025 жыл

                           

 

 

Қостанай ауданында «Ауыл аманаты»

бағдарламасын іске асыру туралы

 

  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы О.В. Тупкалоның ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы О.В. Тупкалоның ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

1) Қостанай ауданының ауыл халқының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

2) қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және кредиттердің уақтылы өтелуіне бақылауды қамтамасыз ету;

3) микрокредиттерді берудің және қайтарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету;

4) оң мысалдарды көрсете отырып, ауылдарда бағдарламаны іске асыру туралы түсіндіру жұмысын жүргізу;

5) 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қостанай аудандық мәслихатына соңғы бес жылда мал шаруашылығын дамыту бойынша талдау дайындау және ұсыныу.

 

 

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Тұрақты комиссия төрайымы                                          М. Растегаева

 

Дата публикации
05 декабря 2025