Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының
№ 15 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 3 желтоқсан 2025 жыл
Бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну бойынша «Дипломмен ауылға»
бағдарламасын іске асыру туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Индира Бакировна Хамзинаның ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін нығайту және Қостанай ауданының ауылдық аумақтарын дамыту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
бюджеттік кредит пен көтерме жәрдемақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын игерудің қаржылық рәсімдерін уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;
2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде аудандық мәслихатқа салалар бойынша мамандарға қажеттілікке талдау ұсыну және әлеуетті қатысушылардың контингентін айқындау.
2) Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бағдарламалардың басшыларына, әкімшілеріне, ауылдық округ әкімдеріне жаңа қызметкерлер арасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру туралы тұрақты ақпараттық жұмыс жүргізу.