Сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы

Сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы

«Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан саяси партия мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

№

сайлау

комиссия ларының №

Тегі, аты, әкесінің аты

Саяси партиялардың,

қоғамдық бірлестіктің атауы

1

578

Қазмағанбет Айбар Ғалиханұлы

  «Ақ Жол» ҚДП

2

589

Нуриева Маргарита Алексадровна

Жалпыұлттық социал-

демократиялық партиясы

 

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

2) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 871455 21871».

Дата публикации
03 ноября 2025