Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы туралы

Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

                                                              № 12 ҚАУЛЫСЫ        

 

Тобыл қаласы                                                                      13 қазан 2025 жыл

 

 

Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы күн тәртібінің жобасы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы аудандық мәслихатының ұсынылған шешім жобасын отырыста қарастырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 240 «Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) Мәслихаттың 2022 жылғы 7 маусымдағы № 178 «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін  бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3) Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

4) Мәслихаттың 2025 жылғы 5 ақпандағы № 250 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5) Мәслихаттың 2019 жылғы 26 шілдедегі № 415 «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Тұрақты комиссияның төрағасы                                                        Е. Жумабеков

Дата публикации
14 октября 2025