Озерный, Мәскеу ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің жағдайы мен даму перспективалары туралы

Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және

заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

№ 13 ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                                          2025 жыл 6 тамыз

 

 

Озерный, Мәскеу ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің жағдайы мен даму перспективалары туралы

 

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Озерный және Мәскеу ауылдық округтері әкімдерінің Озерный және Мәскеу ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің жағдайы мен даму перспективалары туралы есептерін тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Озерный және Мәскеу ауылдық округтері әкімдерінің есептері мәліметке алынсын.
  2. Қостанай ауданының Озерный және Мәскеу ауылдық округтері әкімдеріне ұсынылсын:

1) халықтың тұруы үшін қолайлы орта құру үшін елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламалық іс-шараларды іске асыруды жалғастыру;

2) ауылдық округтерде кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі тетіктерді белсенді пайдалану;

3) мемлекеттік бағдарламалардың ресурстарын пайдалана отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасында ұсақ тауар өндірісін құру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру;

4) жоспарланған жобаларды толық көлемде іске асыруға 2025 жылға көзделген бюджет қаражатының игерілуін қамтамасыз ету;

5) мердігерлік ұйымдардың мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жұмыстарды орындау сапасын бақылауды қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 Тұрақты комиссия төрайымы                                                  М. Растегаева

 

 

Дата публикации
12 августа 2025