Аудан әкiмiнiң оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Қостанай ауданы әкімінің  есебі

 

 

Құрметті сессияға қатысушылар,

құрметті депутаттар!

 

1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданда әлеуметтік - экономикалық дамудың макроэкономикалық көрсеткіштерінің, оның ішінде:                 

- құрылыс жұмыстары - 45,7%;

- инвестициялар - 23,2%;

- ауыл шаруашылығы - 3,5%;

- бөлшек сауда - 0,2%; көтерме сауда - 0,6%;

- өнеркәсіп – 3,4%, оның ішінде: өңдеу - 4,3%;

- тұрғын үйді іске қосу - 16,3%-ға өсуі байқалды.

 2025 жылдың 1 шілдесіне Қостанай ауданының бюджеті                      36,7 млрд. теңгені құрады (2024 ж. - 35,4 млрд. теңге).

 

  1. Бюджеттің кіріс бөлігі

 

2025 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша іс жүзінде аудандық бюджетке 11,8 млрд. теңге кіріс түсті (2024 жылы атқарылуы – 10,7 млрд.теңге).

Аудандық бюджет түсімдерінің көздерінің бірі - республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттер - 6,6 млрд. теңге немесе түсімдердің жалпы көлемінің 55,5%.

 

Аудандық бюджет түсімдеріндегі меншікті кірістердің (салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) үлес салмағы 45,5% немесе 5,3 млрд.теңгені (жоспар 10 млрд. теңге) құрады. 2024 жылмен салыстырғанда өз кірістерінің түсімдері                                      1,5 млрд.теңгеге немесе 18,7%-ғаұлғайды.

Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдан бастап біздің аудан субвенциядан алынып, алып қоюды облыстық бюджетке тапсырады. 2025 жылы алып қою сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайды.

 

  1. Бюджеттің шығыс бөлігі

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 14,3 млрд.теңге көлемінде орындалды, бұл жылдық жоспардың 38,9%  құрайды.

1 шілдеге 389,9 млн. теңге игерілмеді (жоспар бойынша                               14 млрд. 668,7 млн. теңге, кассалық атқарылу 14 млрд. 278,8 млн. теңгені құрады), оның ең көп сомасы:

- құрылыс бөлімі бойынша қалыптасты - 318,7 млн. теңге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан жоғары тұрғанбюджеттентрансферттердіңтүспеуінебайланыстыТобылқаласыАстанашағынауданыныңжәнеМичуринауылыныңБәйтерекшағынауданының электрмен жабдықтаудың алаңішілікжелілерінсалу»объектісібойынша трансферттер.

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша  71,0 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде:

29,1 млн. теңге жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің түспеуіне байланысты «Лиманное ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» объектісі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттер;

41,9 млн. теңге Алтынсарин ауылының артындағы көлді тазарту және жағалауға орналастыру бойынша облыстық бюджеттен трансферттер, «СМФ EMIR COMPANY» ЖШС-не нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін төлемжүргізілді.

0,2 мың теңге - аудандық бюджет қаражатының ағымдағы шығындары бойынша нақты тұтыну және үнемдеу есебінен қалыптасқан бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша игерілмеген қаражаттың қалдықтары.

 

Инвестициялар.

 

2025 жылдың 6 айында ауданға капитал құраушы инвестициялардың 16,4 млрд. теңгесі салынып (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,2%), 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 млрд.теңгегеұлғайды.

Капитал құраушы инвестициялардың нақты көлемінің индексі - 123,2 % (2024 жыл – 115,6 %).

Аудан экономикасына жеке инвестициялар салымдары                       7,9 млрд. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-маусым –                                          9,4 млрд.теңге.). Нақты көлем индексі - 82,2%.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Ауыл шаруашылығында біздің алдымызда агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліске қол жеткізу міндеті тұр».

Ағымдағы жылы жалпы жаздық егіс 353,7 мың га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 273,5 мың га. Жемшөп дақылдарының ауданы - 19 мың га, майлы дақылдар – 60,2 мың га, қарақұмық – 1,2 мың га, картоп – 2220,3 га, көкөніс дақылдары – 326,9 га.

Есепті кезеңге шөп – 109 мың тонна (106,2%), пішен –  27,5 мың тонна (80%) дайындалды.

 

2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 20,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірді.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін жалпы сомасы                                   1,0 млрд. теңгеге 16 кредит берілді.

Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. 2025 жылдың 6 айында ауданда                        жалпы сомасы 553 млн.теңге, 17 жұмыс орны құрылған 5бизнеснысаныпайдалануға берілді.

 

Жалпы биылғы жылға Қостанай ауданында 40,5 млрд теңге тартумен және 160 жұмыс орнын құрумен 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында қуаты 100 МВт ЖЭС іске қосу жоспарлануда. Жобаның бастамашысы «Jupiter Wind» және «Mars Wind» ЖШС, жоба сомасы 38,6 млрд. теңгені құрайды (жергілікті қарыз қаражаты 70%, шетелдік меншікті қаражат 30%).  Іске асыру қорытындысы бойынша 15 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айында 2400 тонна жемшөп қоспа қуаттылығымен ірі қара мен жылқы терісін терең өңдеу цехтары бар өндірістік базаны іске қосу жоспарлануда. Жобаны іске асырушы - «Биоком Қазақстан» ЖШС. Жобаның құны 750 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде 50 жұмыс орны құрылады.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айында келесі жобаларды ашу жоспарлануда: 

  • Сыйымдылығы 5 200 тонналық, 15 жұмыс орнын құратын Тобыл қаласындағы көкөніс қоймасы. Жобаны іске асырушы - «Бекиров Б.С» ШҚ, жобаның құны – 700 млн. теңге.
  • Қуаттылығы130 төсек-орын және  50 жұмыс орнын құратын Октябрь ауылдық округіндегі қарттар мен балаларға арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы. Жобаны іске асырушы – жеке кәсіпкер А.Н. Мизанбаев, жоба сомасы 300 млн. теңге, (кәсіпкердің өзқаражаты).
  • Қуаттылығысағатына30 текше бетон, 30 жұмыс орнын құратын ерітінді-бетон торабы және газ-блокты бұйымдар шығаратын зауыт. Жобаны іске асырушы - «СтройЭлитДом» ЖШС. Жоба құны 100 млн. теңгені құрайды (кәсіпкердің өз қаражаты).

Қостанай ауданын дамытудың басым бағыттарының бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады.

 Құрылыс саласының бюджеті ағымдағы жылы 13,2 млрд. теңгені құрайды. Осы қаражатқа Тобыл қаласында «Бәйтерек» және «Астана» жаңа тұрғын аудандарын құру бойынша жобалар белсенді іске асырылуда.

Бүгінгі таңда жалпы ауданы 32 934,7 шаршы метр,  450 пәтерге есептелген 10 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, жаңа құрылыс аясында жалпы ауданы 42 815,1 шаршы метр болатын тағы 13 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысына шарттар жасалды.

ЖСҚ әзірлеу сатысында ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы бойынша жобалар бар:

- жалпы ауданы 109 440 шаршы метр болатын 12 тоғыз қабатты тұрғын үй салу.

- жалпы ауданы 33 344 шаршы метр болатын он жеті қабатты 4 тұрғын үй салу.

Тұрғын үй құрылысымен қатар жаңа шағын аудандар үшін заманауи инженерлік инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде:

- Қуаты 49,5 МВт газ қазандығының құрылысы - 3,1 млрд. теңге.

- Қуаты 50 МВт «Шығыс» қосалқы станциясының құрылысы-5,7 млрд. теңге.

Жоғарыда аталған екі инфрақұрылым нысаны бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жалпы бюджеті 2,1 млрд.теңгені құрайтын шағын аудандардың алаңішілік желілері (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау) бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Сумен жабдықтау.

Қостанай ауданында 52 елді мекеннің 47-сі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген:

- 18 елді мекенде орталық сумен жабдықтау бар (34,6%).

 Анықтама: Тобыл, Заречный, Жамбыл, Қостомар, Алтынсарин, Алтын дала, Озерный, Надеждин, Садчиков, Новоселов, Осинов, Мәскеу, Владимиров, Айсары, Половников, Садовый, Талапкер, Еңбек.

- 24 АЕМ-де су тарату пункттері орнатылған (46,2%),

- 5 АЕМ-де су тасымалдау жүзеге асырылады (9,6 %).

Анықтама: Айсары, Половниковка, Октябрь, Лиманное, Семилетка ауылдарына.

 5 АЕМ-де сумен жабдықтау жоқ (9,6 %): Жақсылық, Сормовка, Степное, Майалап және Жуковка ауылдарында.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау құрылысына 4,1 млрд.теңге бөлінгенін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта сумен қамтамасыз етудің 10 жобасы жұмыста:

- Сметалық құны 4,3 млрд. теңге болатын Тобыл қаласында орталық сумен қамтамасыз етілмеген учаскелерде су құбыры желілерін салу. Бүгінгі күні жұмыстар 39,2% - ға орындалды, 24,6 шақырым желі салынды (қалдық 38,1 шақырым, жоба бойынша 62,7 шақырым), 385 құдық орнатылды (жоба бойынша 1014 бірлік).

- Сметалық құны 1,7 млрд. теңге болатын  Владимировка ауылын сумен жабдықтау құрылысы. Бүгінгі күні нысанда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде, электр беру желісін монтаждау аяқталуда.

- Сметалық құны 1,0 млрд. теңге болатын  Половниковка мен Глазуновкада су құбыры желілерін салу. Жұмыстар толық көлемде орындалды, қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталған ақауларды жою үстінде.

- Сметалық құны 774,3 млн. теңге болатын Константиновка ауылын сумен жабдықтау құрылысы. Жуу жұмыстары аяқталып, үйлерге су беру тексерілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айы.

- Сметалық құны 942,9 млн. теңге болатын Лиманное ауылында су құбыры желілерін салу. Бүгінгі таңда 8,7 шақырымнан 5,6 шақырым желі салынды (51,4%), 48 құдық орнатылды (жоба бойынша 50).

- Сметалық құны 2,8 млрд. теңге болатын Заречный ауылында орталық сумен қамтамасыз етілмеген учаскелерде су құбыры желілерін салу. 44,5 шақырым желі салынды (78,5%, жоба бойынша 56,8 шақырым), 210 құдық жөнделді (жоба бойынша 318).  Қазіргі уақытта объектіде сумен жабдықтаудың магистральдық және таратушы желілерін төсеу және құдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

- Сметалық құны 1,4 млрд. теңге болатын Қостанай қаласынан Заречное селосына дейін жалғастырушы ӘКК реконструкциялаумен және Октябрьское селосын қосумен су құбырын салу. Қазіргі уақытта объектіде абоненттерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, 470 абоненттің 295-і қосылған. 500 текше метрлі 2 резервуар сыналды және сумен толтырылды, электрмен жабдықтау желілері толығымен салынды. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.

- Сметалық құны 1,5 млрд. теңге болатын Нечаевка ауылында су құбыры желілерін салу. Шарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2026 жылғы қазан.

Бүгінгі таңда 58,4 мың метрден (31,8%) 18,6 мың метр желі төселді, 190 құдықтан 130-ы орнатылды. Нысанда тарату желілері мен құдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

- Сметалық құны 820,2 млн. теңге болатын Рыспай ауылында су құбыры желілерін салу. 2027 жылғы шарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі.

Бүгінгі таңда 47,9 мың метрден (42,5%) 20,4 мың метр желі төселді, 108 құдықтан 51-і орнатылды. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жқмыстары жүргізілмейді.

- Сметалық құны 1,2 млрд. теңге болатын Мәскеу ауылын сумен жабдықтау құрылысы. Бүгінгі күні объектіде техникалық қадағалау берген ескертулер жойылып жатыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша біз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің шамамен 94%-на қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

 

Су бұру.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қыркүйегінде бюджет қаражаты есебінен «Тобыл қаласындағы Титов көшесі, Чехов көшесі бойынша су бұру» нөсерлі кәріз объектісін аяқтау жоспарлануда. Жұмыстың құны 190 млн. тенге.

Ал қазан айында Тобыл қаласы Матросов көшесіндегі кәріз сорғы станциясын күрделі жөндеуі аяқталады. Жұмыстың құны 7,7 млн.теңге.

 

Жол инфрақұрылымы.

Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі – 59,3%, кентішілік жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 70,0% құрайды.

 Ағымдағы жылы ауданның автожол саласының бюджеті                  3,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде кірме жолдарды жөндеуге 781,1 млн. теңге бөлінді (Белозерка, Александровка, Давыденовка, Рыспай, Ульяновка).

Жолдарды орташа жөндеуге 2,2 млрд. теңге қарастырылған.  Бөлінген қаражатқа 16 елді мекенде 54 көше жөнделеді. Бүгінгі таңда жұмыстар 14 ауылдық елді мекендердегі 34 көшеде аяқталды.

Сондай-ақ, 13 аула аумағын жөндеу жоспарланған, оның барысында жолдарды және жаяу жүргіншілер аймақтарын асфальттау орындалады, жаңа шекаралар орнатылады, кіреберістерге кіру топтары жабдықталады.

Оның ішінде Тобыл қаласы бойынша бүгінгі күні 78,9 шақырым жол төселді (59 көше, 6 ш/а.,14 аллея), бұл жолдардың жалпы ұзындығының 90% құрайды. 26 учаске немесе 10% әлі асфальтталған жоқ.

Сонымен қатар ағымдағы жылы екі елді мекенде тротуар жолын салу жұмыстары жоспарланған:

- 39,1 млн. теңге сомасына ұзындығы 2950 шаршы метр болатын Тобыл қаласындағы Механизаторлар көшесі бойынша;

- Заречный ауылындағы Юбилейная көшесі бойынша жалпы сомасы 56,0 млн. теңгеге 3600 шаршы метр тротуар жолын салу жұмыстары аяқталды.

 

Сонымен қатар, «Ауыл ел Бесігі» бағдарламасы аясында ауданның 4 елді мекеніндегі 9 көшелеріне, яғни Константинов ауылында 3 көшеге, Октябрь ауылында 1 көшеге, Садовый ауылында 4 көшеге, Ф.Н. Павлов атындағы ауылда 1 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Қаржыландыру сомасы 308,3 млн. тенгені құрайды.

 

Жылумен жабдықтау.

Жылу энергиясын үздіксіз және уақтылы беруді қамтамасыз ету үшін 2025 жылы Тобыл қаласын жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта құны 15,3 млн.теңге болатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды. Жөндеу аясында ұзындығы 2,7 шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда. Нәтижесінде біз жылу желілерінің тозуын 51,4% - дан 36,8% - ға дейін төмендетуге қол жеткізе аламыз. Жобаның жалпы сметалық құны 1,3 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ Тобыл қаласының орталық бөлігі үшін, сондай-ақ құрылып жатқан Астана және Бәйтерек шағын аудандары үшін екі блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға 256,5 млн.теңге сомасына шарт жасалды.

Күрделі жөндеу аясында ұзындығы 789 метр «Психиатриялық аурухана» учаскесінің жылу желілері жөнделіп, құбыр ауыстырылды.

«Центральная (ЗДДТ)», «Нұрай», «Северный ш/а-ғы көп қабатты құрылыс», «Северный ш/а-ғы мектеп»,  «Психиатриялық аурухан» қазандықтарында ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Атқарылған жұмыс аясында жылу шығыны едәуір төмендейді, осы учаскедегі объектілерді жылумен жабдықтау сенімділіг артады.

 

Жарықтандыру.

 Аудан аумағында жалпы ұзындығы 437 шақырым болатын 452 көше бар, оның ішінде 393 шақырымы жарықтандырылған (бұл 90% құрайды).

Ағымдағы жылы көшелерді жаңғыртуға және жарықтандыруға 179 млн.теңге бөлінді, ауданның ауылдық елді мекендеріндегі 33 шақырырымға жуық көшелерін жарықтандыру жоспарланған. Жылдың қорытындысы бойынша көшелерді жарықтандыру пайызы 97%-ға жетеді.

 

Білім.

Білім беру саласы Қостанай ауданының дамуы үшін — әлеуметтік және экономикалық әл-ауқат тұрғысынан да түйінді мәнге ие. Осыған байланысты білім беру саласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

2025 жылдың маусым айында Тобыл қаласында қосымша білім беру орталығы ашылды. Қосымша білім беру орталығының жаңа ғимаратының ашылуы екі мекеменің: балалар шығармашылығы үйі мен балалар музыка мектебінің жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды.

 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай Еңбек ауылында 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы ауданның білім беру мекемелерінің материалдыө техникалыө базасын нығайтуға 785 млн. теңге бөлінді (2024 жылы – 594,6 млн. теңге):

- машиналарды, жабдықтарды, құралдарды сатып алуға - 121,2 млн. теңге;

- негізгі құралдарға қызмет көрсетуге және жөндеуге - 471,0 млн. теңге;

- құрылыс және шаруашылық материалдарын сатып алуға - 50,0 млн. теңге;

- ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 142,8 млн. теңге (Белозер НОМ, Жамбыл НМ, Нечаев, Озерная НМ).

 

Денсаулық сақтау.

         «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы құны 597 млн.теңгелік Владимиров ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды (оның ішінде ҚМЖ 332,2 млн. теңге, жабдықтау 161,8 млн.теңге).

8 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (1 дәрігерлік амбулатория - Мәскеу ауылы және 7 фельдшерлік-акушерлік пункт – Александров ауылы, Алтынсарин ауылы, Садовый ауылы, Надеждин ауылы, Майкөл ауылы, Алтын Дала ауылы, Айсары ауылы).

 Александров мен Озерный дәрігерлік амбулаторияларында халыққа талдау жүргізуге шақыратын зертханалар жұмыс істей бастады.

Бұл ауыл инфрақұрылымын дамытуға және қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған қадам. Тұрғындарға базалық талдауларды тапсыру үшін енді аудан орталығына немесе қалаға барудың қажеті жоқ. Бұл әсіресе қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және балалары бар отбасылар үшін өте маңызды.

Медициналық кадрларды тарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Есепті кезеңде ауданға 5 дәрігер келді: 2 ЖПД (жалпы практика дәрігері), 1 УДЗ дәрігері (ультрадыбыстық зерттеу), 1 - педиатр, 1 – стоматолог, сондай-ақ орта медициналық персонал - 10 адам. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өкінішке орай, дәрігерлік кадрлардың тапшылығы байқалады.

Ағымдағы жылы жеке кәсіпкердің күшімен Тобыл қаласында 30 мың адамды қамти отырып, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған заманауи емхана өз есігін ашты (жобаның құны – 1,2 млрд теңге, жұмыс орындарының саны-75).

Спорт саласы.

Ағымдағы жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін өңірде 9673 адамды қамтитын 583 іс-шара өткізілді. Оның ішінде ауылдық жерлерде 330 іс-шара (қамту 5275).

Қазіргі уақытта Тобыл қаласында (Астана және Бәйтерек шағын аудандары) жаңа көпфункционалды кешеннің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде. Құрылыстың басталуы ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

 

Мәдениет саласы.

Жыл басынан бері ауданның мәдениет мекемелері 75 мыңға жуық халықты қамти отырып, 1585-тен астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.

Ауданда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда 4 жастан 18 жасқа дейінгі 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйірмелерге тегін барады.

Ауданда ғимараттарды қалпына келтіре отырып, оларды заманауи демалыс орталықтарына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. (Александровский, Айсаринский, Надеждинский және Мәскеу а/о). Бұл мақсаттарға 2025 жылы 60 млн. теңге көлемінде қаржыландыру көзделген:

- Александровкада концерт және спорт залдарын құру жоспарлануда (оның ішінде тенниспен айналысу үшін);

- Айсарыда - белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, көрермен залы, кітапхана және көркем шығармашылыққа арналған кабинеттер;

- Надеждинка мен Московскийда - концерт және спорт залдары, сондай-ақ ауылдық кітапханалар.

Жоба ауылдың мәдени және спорттық инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру.

Халықты әлеуметтік қорғау шараларына - тұрғын үй, атаулы, әлеуметтік көмек, мұқтаж азаматтардың әртүрлі санаттарына берілетін жәрдемақылар, қабілеті шектеулі адамдарға арналған оңалту құралдарына ағымдағы жылы 838 млн.теңге бөлінді, 332 млн. теңге игерілді немесе 39,6%.

2025 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен «Қостанай ауданының Карьер орталығы» филиалының делдалдығымен 1730 адам қамтылды.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқуға 10 адам жіберілсе, ал жұмыс орнында 9 адам оқытылды.

199 адам электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн оқытудан өтті.

Тұрақты жұмыс орындарына 1057 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 150 адам жіберілді.

Аудан бойынша «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 223 тұрақты жұмыс орнын құрумен 187 жеке кәсіпкер өз ісін ашты.

 

«Таза Қазақстан»

 Қостанай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Табиғатты сақтауға, қалдықтарды бөлек жинауға және халықты экологиялық бастамаларға тартуға назар аударылады. Іс-шараларға тұрғындар, мемлекеттік органдар, бизнес, жастар, еріктілер және мәдениет және спорт өкілдері қатысады.

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында жалпы 1796 адамды қамтитын 9 ауқымды іс-шара өткізілді, оның барысында 3 тоннадан астам қоқыс жиналып, сұрыпталды.

«Алюминий банкаларды тапсыр - велосипед ал» конкурсы өткізіліп, онда 150  келіден астам қайта өңделген шикізатты жинаған қатысушы сыйлық ретінде «Екі доңғалақты темір тұлпарды» иемденді.

 

Қолайлы өмір сүру жағдайлары мен эстетикалық көріністі қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы көгалдандыруға 81,7 млн.теңге бөлінді. Осы қаражаттың есебінен 2200 дана пирамидалық терек отырғызылды, күзгі отырғызу кезеңінде тағы 4500 ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, бір жылдық гүл отырғызуға және көшеттерді күтуге 24,0 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 371 млн.теңгеге бірыңғай сәулеттік көрініс беру үшін Тобыл қаласындағы 5 тұрғын үйдің төбесі мен қасбетін күрделі жөндеу (қайта жаңарту) бойынша жұмыстар басталды. 11 ауылдық елді мекенде 88 ескі ғимаратты бұзу жоспарланған.

 

Жастар мен балалардың белсенді демалысы үшін қолжетімді және қауіпсіз инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін заманауи ойын модульдерімен, вандалға қарсы спорттық снарядтармен, тартан жабындарымен және қоршаулармен жабдықталған 11 жаңа балалар және спорт алаңдарын орнату жоспарлануда.

 

Ұлы отан соғысының 80 жылдығына орай Тобыл қаласының Жеңіс саябағында тартылған қаражат есебінен 1324 шаршы метр алаңда тас төсем ауыстырылды.

Бюджет қаражаты есебінен 51 шаршы метр алаңда гранитті плиткалар ауыстырылды және орнатылды, оған 15,7 млн.теңге жұмсалды.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Жеңіс саябағында жалпы сомасы 960 мың теңгеге 8 заманауи орындық орнатылды.

 

Қорытындылай келе, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай ауданы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетіп отырғанын атап өтуге болады.

Инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешен, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және экология саласында ауқымды жобалар іске асырылуда. Негізгі көрсеткіштердің өсуі қамтамасыз етіліп жатыр, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Алда әлі көптеген міндеттер тұр, ауданның дамуы бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бірлескен күш - жігермен ғана біз одан әрі табысқа және тұрақты өсуге қол жеткіземіз.

 

 Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
12 августа 2025