Қостанай ауданы Владимиров, Белозер ауылдық округтерінің бюджеттерін іске асыру туралы

Аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

№  11  ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                               24   шілде 2025 жыл

 

 

 

Қостанай ауданы Владимиров,

Белозер ауылдық округтерінің

бюджеттерін іске асыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Владимиров, Белозер ауылдық округтері әкімдерінің ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Владимиров (А.К. Жунусова), Белозер (К.Ж. Кубеков) ауылдық округтері әкімдерінің ақпараты назарға алынсын.
  2. Владимиров, Белозер ауылдық округтерінің әкімдеріне ұсынылсын:

Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұза отырып, оларды пайдалануға жол бермеу мақсатында бюджет қаражатының нысаналы, тиімді және ұтымды пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізу;

салықтар мен салықтық емес түсімдерді, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жөніндегі жоспарды орындау жөніндегі жұмысты жандандыру;

шарттардың уақтылы орындалуын және мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемін бақылауды күшейту;

қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын біркелкі қолдану мақсатында қаржылық тәртіптің тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету;

жергілікті қоғамдастық жиналысымен ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын кеңінен талқылау өткізу;

бюджет қаражатын жұмсау кезінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету;

бюджеттік бағдарламаларда және қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының мақсатты және толық игерілуін қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енеді.

 

Аудандық мәслихатының бюджет,

экономика, мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                                     Е. Жумабеков 

Дата публикации
24 июля 2025