Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жергілікті бюджет қаражатын игеру барысы туралы

Аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

№  10  ҚАУЛЫСЫ

 

 

Тобыл қаласы                                                                24  шілде 2025 жыл

 

 

Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жергілікті бюджет қаражатын игеру барысы туралы

 

Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.А. Жиенгалидің (бұдан әрі - Бөлім) ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Бөлім бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде жүктелген функцияларды тиімді орындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.А. Жиенгалидің ақпараты назарға алынсын.
  2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, оларды пайдалануға жол бермеу мақсатында бюджет қаражатының нысаналы, тиімді және ұтымды пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізу;

қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджет қаражатын, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін нысаналы трансферттерді уақтылы және толық көлемде игеру.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының бюджет,

экономика, мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы                                   Е. Жумабеков 

 

 

Дата публикации
24 июля 2025