«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2025 жылғы бірінші жартыжылдыққа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
ішкі талдау нәтижелері
Тобыл қаласы 2025 жыл 1 шілде
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу;
2) бөлімшенің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу.
Аппарат қызметін қозғайтын құқықтық акті әрекет етеді:
2022 жылғы 7 маусымдағы № 178 «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешім (ҚР НҚА ЭББ-де 2022 жылғы 9 маусымда жарияланған).
1) штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 5 адам, нақты саны - 5 адамды құрайды.
2) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын туындайтын фактілері анықталған жоқ
Мемлекеттік қызметшілердің өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеу мақсатында ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді олардың жеке істеріне тігілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайлары жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен қаралған қаржылық бақылау шарасы болып табылады.
Есепті кезеңде тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Көрсетілген кезеңде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Қостанай облысы бойынша филиалында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары» (Р.Сергазина), «Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс (өңірлік компонент)» (Ж.Конакбаева) тақырыбына біліктілігін арттыру бойынша семинарынан екі қызметкер өтті.
Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру мақсатында Аппаратта «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефоны» туралы хабарландыру мәслихаттың ресми сайтында орналасқан. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні стендте және мәслихаттың ресми сайтында орналасқан. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленген жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Туыстық байланысы бар, не ерлі-зайыптылар болып табылатын мемлекеттік қызметшілер аппаратта жұмыс істемейді, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың туу тәуекелдері жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Аппарат мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Аппарат рұқсат берген функцияларды іске асырмайды.
2.5. Бақылау функцияларын іске асыру
Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.
2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Аппараттың бюджет қаражаты 100 % игерілді.
2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Заңды тұлғалармен 23 шарт жасалды, жеке тұлғалармен жоқ.
2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Аппарат ақпараттық жүйелерді қолданады: «1С: Бухгалтерия», «Парус-КАЗ Бюджеттік қаржыландыру», «Парус-КАЗ Бюджеттік жоспарлау», ЭҚАБЖ, «Заң» МБ, «Egov», МОИП, «е-Қызмет», «е-Өтініш», «ҚР БП ҚСАЕАК» АЖ, МО ИРБП, ҚБЭА, ШБЖ, МОКО.
2.9. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі жағдайы бойынша аудандық мәслихаттың мекенжайына 15 өтініш түсті:
жеке тұлғалардан - 10 (арыз - 5, басқалары - 5), оның ішінде азаматтарды жеке қабылдауында түскен өтініш - 1;
заңды тұлғалардан - 5 (арыз - 3, сұрау салу - 2).
Белгіленген мерзімде қаралған - 9, оның ішінде: түсіндірілген - 4, кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылған - 3, ауыртпалық алатын әкімшілік акт - 1, жеке қабылдауда қанағаттандырылған - 1. Әрі қарай жолданған - 6.
Барлық өтініштерге тиісті жауаптар берілді. Бірде бір жауапқа шағым келіп түскен жоқ. Өтініштерді қарау мерзімі бұзылған жоқ.
Қостанай аудандық мәслихатында жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі мәслихат төрағасымен бекітіледі және мәслихаттың сайтында орналасады. Мәслихат төрағасы тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасымен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктері анықталған жоқ.