Қостанай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 тоқсандағы қызметі туралы есеп

Қостанай аудандық мәслихатының 2025 жылғы  2 тоқсандағы қызметі туралы есеп

    

2025 жылдың екінші тоқсанында сегізінші шақырылымдағы Қостанай аудандық мәслихаты 4 сессия, оның ішінде кезекті - 1, кезектен тыс - 3 сессия өткізді. Пленарлық отырыстардың қорытындысы бойынша мәслихаттың түрлі сұрақтар бойынша 21 шешім қабылданды.

Мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияда Қостанай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы, Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Кезектен тыс пленарлық отырыстар барысында аудандық мәслихат депутаттармен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер  мақұлданды және бекітілді.

Бюджетті сапалы атқару және ауданның тыныс-тіршілігі процесінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетін нақтылау жүргізілді.

Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекіту және құрамындағы өзгерістер туралы 12 шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңнамасын орындау үшін Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары 7 отырыс, оның ішінде кезекті – 3, кезектен тыс 4 отырыс өткізді.

Бюджет, экономика және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиямен 2 отырыс өткізіліп, 5 сұрақ қаралды.

  1. Қостанай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебінің жобасы.
  2. Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есебінің жобасы.

Комиссияның 2025 жылғы 30 сәуірдегі кезектен тыс отырысында 3 сұрақ қаралды. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне қаралған сұрақтарды бекіту үшін енгізу туралы қаулы шығарылды:

- Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 240 «Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

- Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына және терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы – 2 сұрақ.

Аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 5 отырыс өткізіп (кезекті – 2, кезектен тыс – 3), оның ішінде көшпелі – 1 отырыс. 16 сұрақ қаралды.

Тұрақты комиссиямен кезекті отырыс барысында жоспарлы сұрақтар қаралды:

2025 жылғы 25 мамырда:

  1. Қостанай ауданында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы.
  2. Қостанай ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы.
  3. Айсары және Надеждин ауылдық округтерінде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру туралы.

2025 жылғы 6 маусымда тұрақты комиссияның көшпелі отырысында «Қостанай ауданы ауылдарының инфрақұрылымын жаңғырту туралы» сұрағы қаралды.

Барлық отырыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ Қостанай ауданының елді мекендер азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша міндеттемелерді орындау үшін тұрақты комиссияның тиісті ұсынымдарымен  қаулылар қабылданды.

2025 жылғы 1 сәуірде, 2025 жылғы 14 сәуірде және 2025 жылғы 27 маусымда өткен кезектен тыс отырыстарда 12 сұрақ қаралды. Оның ішінде қаралатын сұрақтардың  80% кадрлық өзгерістер себебінен Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамындағы өзгерістерге байланысты.

Отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссиямен аталған сұрақтарды  аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының бекітуіне енгізілді.

 

Ай сайын, 8 шақырылымдағы Қостанай аудандық мәслихатының жұмысының басынан бастап, депутаттар сайлау округтерге барады, сайлаушылармен, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілдерімен кездесулерді өткізеді. Азаматтарды жеке қабылдау үнемі өткізіліп тұрады.

         Жеке қабылдау кестелері аудандық мәслихаттың сайтында жариялау арқылы халықтың мәліметіне алдын ала жеткізіледі.

Кездесулердің қорытындысы бойынша депутаттар уәкілетті органдар мен ұйымдарға 22 депутаттық өтініш жолдады. Оның ішінде келесі сұрақтар бойынша:

- автожолдарды жөндеу - 3 өтініш

- білім беру объектілерін салу (Қостанай ауыл шаруашылық колледжі және студенттер үшін жатақхана) - 2

- мектепке дейінгі білім беру және тәрбие объектілерін жөндеу («Гүлдер» бала бақшасы) -1

- сумен жабдықтау/су бұру - 1

- абаттандыру – 5

- жер және жер пайдалану – 2

- автотұрақтар мен аялдама павильондарының жабдықтау – 3

- автобус қатынасы - 3

- басқа сұрақтар -2

Қаралды – 21, жұмыста – 1 депутаттық сауал, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне жіберілген Қостанай ауыл шаруашылық колледжі үшін оқу корпусын салу сұрағы туралы.

Дата публикации
01 июля 2025