Қостанай аудандық мәслихаты аппаратының жұмысы туралы 2025 жылдың 2-тоқсаны бойынша ақпарат
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
Аудандық мәслихат аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (25-бап), «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Мемлекеттік мекеме туралы ереже мен мәслихаттың Регламентімен реттеледі.
Есепті кезеңде аппарат өз жұмысын мәслихат төрағасы бекіткен негізгі іс-шаралардың жылдық және айлық жоспарларына және сессияның қарауына шығарылатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес қызмет атқарды.
2025 жылдың 2-тоқсанында мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы 4 сессия өткізілді, оның ішінде: кезекті -1, кезектен тыс – 3 сессия.
|
р/с № |
Аудандық мәслихатының сессиялары (негіздеме) |
Өткізілу күні |
Мәслихат актілері |
|
1 |
Кезектен тыс сессия аудан әкімінің бастамасы бойынша
(5 шешім)
|
01.04. 2025
|
1.№ 267 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралыО повестке внеочередной сессии маслихата 2.№ 268 Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы.О согласовании изменения в персональном составе акимата Костанайского района. 3.№ 269 Мәслихаттың 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 49 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы О внесении изменений в решение маслихата от 30 апреля 2021 года № 49 «Об утверждении персонального состава Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений при акимате Костанайского района». 4.№ 270 Мәслихаттың 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 50 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы О внесении изменений в решение маслихата от 30 апреля 2021 года № 50 «Об утверждении персонального состава комиссии при акимате Костанайского района по вопросам противодействия коррупции». 5.№ 271 Мәслихаттың 2022 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың дербес құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы О внесении изменений в решение маслихата от 30 марта 2022 года № 151 «Об утверждении персонального состава и Положения о Межведомственном штабе по координации деятельности государственных органов, направленной на противодействие наркомании и наркобизнесу при акимате Костанайского района». |
|
2
|
Кезектен тыс сессия аудан әкімінің бастамасы бойынша
(5 шешім)
|
14.04. 2025
|
1.№272 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке внеочередной сессии маслихата 2.№273 Мәслихаттың 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. О внесении изменения в решение маслихата от 4 декабря 2023 года № 92 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан». 3.№274 Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы. О согласовании изменения в персональном составе акимата Костанайского района. 4. №275 Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 29 июля 2022 года № 195 «Об утверждении персонального состава комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Костанайского района». 5.№276 Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. О внесении изменения в решение маслихата от 27 декабря 2023 года № 131 «Об избрании членов участковых избирательных комиссий Костанайского района». |
|
3 |
Кезекті сессия (7 шешім)
|
30.04. 2025 |
1.№ 277 Мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке очередной сессии маслихата 2.№ 278 Қостанай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы. Об исполнении районного бюджета Костанайского района за 2024 год. 3.№279 Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы. Об исполнении бюджетов города Тобыл, сельских округов Костанайского района за 2024 год. 4.№ 280 Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 240 «Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.О внесении изменений в решение маслихата от 26 декабря 2024 года № 240 «О районном бюджете Костанайского района на 2025-2027 годы». 5.№ 281 Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 29 июля 2022 года № 195 «Об утверждении персонального состава комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Костанайского района» 6.№ 282 Мәслихаттың 2024 жылғы 27 наурыздағы № 157 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 27 марта 2024 года № 157 «Об утверждении персонального состава антитеррористической комиссии при акимате Костанайского района». 7.№ 283 Аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке очередной одиннадцатой сессии районного маслихата. |
|
4 |
Кезектен тыс сессия аудан әкімінің бастамасы бойынша НҚА-1 (ЭББ жарияланған) (4 шешім)
|
27.06.2025 |
1.№284 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке внеочередной сессии маслихата. 2.№286 Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы. О согласовании изменения в персональном составе акимата Костанайского района. 3.№287 Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық - құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай - ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік немесе өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік - кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы. Об утверждении персонального состава консультативно - совещательного органа по содействию деятельности органов и учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно - правового воздействия, а также по организации социальной или иной помощи лицам, отбывшим уголовное наказание, при акимате Костанайского района. 4.№288 Мәслихаттың 2019 жылғы 26 шілдедегі № 415 «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.О внесении изменений в решение маслихата от 26 июля 2019 года № 415 «Об утверждении персонального состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление». |
Қабылданған шешімдер - 21, оның ішінде әділет органдарында тіркелген - 1 НҚА.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде - 1 шешім жарияланған.
2.2. Тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары өткізілді:
2.2.1. Мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы - 5 отырыс (кезекті – 2, кезектен тыс -3). Тұрақты комиссия 6 қаулы қабылдады. 12 сұрақ қаралды.
2.2.2. Мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы - 2 отырыс (кезекті – 1, кезектен тыс -1). Тұрақты комиссия 3 қаулы қабылдады.
Аудандық мәслихат төрағасымен 10 өкім шығарылды, оның ішінде:
жеке құрамы бойынша – 9; негізгі қызметі бойынша – 7.
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпы құжатайналым 2025 жылдың 2-тоқсанында 208 бірлікті құрады, оның ішінде:
Кіріс хат-хабарлары - 102 бірлік, оның ішінде ДИРОРД мәлімет үшін жіберілгендер - 25;
шығыс хат-хабарлары - 106 бірлік.
Қостанай аудандық мәслихатының аппаратына 7 өтініш келіп түсті.
Жеке тұлғалардан өтініштер – 7 (арыз - 4, хабарлама – 1, сұрау – 2). Оның ішінде азаматтарды жеке қабылдауында түскен өтініш – 1.
Заңды тұлғалардан өтініштер – 0.
Аудандық мәслихат аппаратында белгіленген мерзімден 2 өтініш қаралды, оның ішінде: оң шешілді – 1, түсіндірілді – 1.
Қайта жіберілді – 4, өтінішті кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылды -1.
Өтініштерді қарау мерзімі бұзылған жоқ.
«Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. «Е-қызмет» енгізілген құжаттардың жалпы саны – 13 бірлік, оның ішінде өкімдер – 9.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына сәйкес 2025 жылғы қаңтарда бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың 2-тоқсанында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес сұрақтар қаралды:
- Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі», «Дене шынықтыру бөлімі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің Қостанай ауданында 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және 2025 жылға арналған жоспарлар бойынша жұмысының қорытындылары туралы.
- Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы.
Қоғамдық тыңдау 4 нормативтік құқықтық акті бойынша өткізілді.