Қостанай ауданы ауылдарының инфрақұрылымын жаңғырту туралы

                                   

             Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және

заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының № 10 ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                                             9 маусым 2025 жыл

 

  Қостанай ауданы ауылдарының

инфрақұрылымын жаңғырту туралы

 

   2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Кайратулының, Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н.М. Исмагамбетовтың, Заречный ауылдық округінің әкімі Н.С. Кузайбиннің ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Кайратулының, Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н.М. Исмагамбетовтың ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

1) Тобыл қаласында және ауданның ауылдарында орталық сумен қамтамасыз етілмеген жекелеген учаскелерде сумен жабдықтау жобаларын 100% іске асыруды қамтамасыз ету;

2) мердігерлердің кінәсі бойынша жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуына жол берілген Айсары, Половников, Мәскеу, Владимиров, Октябрь ауылдарында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысын аяқтау жөнінде қажетті шаралар қолдану;

3) Тобыл қаласының жаңа шағын аудандарына коммуникациялар жүргізу және жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру жөніндегі жұмыстың белгіленген мерзімдеріне сәйкес аяқтау;

4) инфрақұрылым объектілерін салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын игерудің құқықтық және қаржылық рәсімдерін уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

5) мердігерлік ұйымдардың құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын, шарттық міндеттемелердің және орындалатын жұмыстар көлемдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

6) аудандық мәслихат депутаттарына жұмыстардың сапасына және тиісінше жүргізілуіне, оның ішінде аяқталған құрылыс және қайта құру объектілерін қабылдау бойынша мониторинг жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандық маңызы бар автомобиль жолдары сапасының ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізу жөніндегі жұмысты күшейту.
  2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Тобыл қаласында белгіленген мерзімдерге сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес жаңа шағын аудандардың құрылысын қамтамасыз ету.
  3. Заречный ауылдық округінің әкіміне балалар және спорт алаңдарын жайластыру кезінде қорғаныс қоршауын орнату бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ ауыл көшелерін жөндеу бойынша шарттық міндеттемелердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
  4. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Тұрақты комиссия төрайымы                                          М. Растегаева

              

Дата публикации
17 июня 2025