Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының
№ 8 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 27 мамыр 2025 жыл
Қостанай ауданындағы агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.К. Бокишевтің ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қостанай ауданының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және егіншілік мәдениетін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
2) ауданның агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларын толық алуын және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне жалақының уақтылы төленуіне және оның мөлшерінің жыл сайын өсуіне тұрақты мониторинг жүргізу;
4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ету;
5) мал шаруашылығы саласын мақсатты дамытуды және 3 сүт-тауар фермасын салуды қамтамасыз ету;
6) 2025-2028 жылдарға арналған Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету.