Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 7 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 27 мамыр 2025 жыл
Қостанай ауданында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы А.М. Доненбаеваның ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Жергілікті атқарушы органдарға халықтың сенім деңгейін 58%-дан 75%- -ға дейін арттыру мақсатында тұжырымдама бағыттары бойынша ауданның мемлекеттік мекемелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты неғұрлым нақты жүйелеу;
2) алдын алу іс-шаралар, тренингтер, семинар-кеңестер өткізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау туралы білімдерін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
3) осы саладағы сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу және бюджет қаражатын пайдаланудың 100% ашықтығына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарының тұрақты мониторингін қамтамасыз ету;
4) ауданның мемлекеттік мекемелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақтылылығына тұрақты мониторингті және биометриялық сәйкестендіруді жоспарлы енгізуді қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар туғызбау үшін пайдалану;
6) азаматтардың бюджеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуы үшін ашық деректер порталында ақпаратты уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету;
7) азаматтық қоғамды, әсіресе мектеп оқушылары мен жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту арқылы оның кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға белсенді тарту;
8) азаматтардың шағымдарын өңдеу және деректерді талдау үшін ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрлық кеңсені» жоспарлы енгізуді қамтамасыз ету;
9) сыбайлас жемқорлық туралы интернетте таралатын ақпаратты анықтау және талдау үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды көрсете отырып, «Депутаттық бақылау сағатында» қарау үшін 2025 жылғы 1 желтоқсанына қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру туралы толықтырумен ақпарат дайындау және ұсыну.