Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің үшінші отырысының хаттамасы

Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің үшінші

отырысының хаттамасы

 

     Тобыл қ.                                                                                                            21.05.2025 жыл

отырыс залы                                                                                                            15.00 сағ.

                                                                               

Төрағалық еткен: С.И. Байманов – Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Хатшы: М.С. Айтмагамбетова

Қатысқандар: Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің 14 мүшесі (тізім қоса беріледі).

Шақырылғандар: Марат Куттугужинович Сартов, Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы,  Дияр Сержанович Есмаганбетов, аудан әкімінің орынбасары,  Р.К. Сергазина, мәслихат аппаратының басшысы,  Д.Н. Бугетбаев,  әкім аппаратының басшысы, Қостанай ауданы мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары,   Г.А. Кукоба, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Қостанай ауданындағы филиалының директоры,  М.А. Растегаева, «AMANAT» партиясының ҚАФ төрайымы, ZOOM режимінде Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері. 

Барлығы: 36 адам.

                                                                        Күн тәртібі:

 

  1. Қостанай ауданында 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі «Ішкі саясат бөлімі», «Дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелердің жұмыс қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы.
  2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы.
  3. Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің төртінші отырысының күн тәртібі туралы.

 

  1. Қостанай ауданында 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі «Ішкі саясат бөлімі», «Дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелердің жұмыс қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы.

 

ТЫҢДАДЫ: А.Ш. Абилова, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы (баяндама қоса беріледі).

 

         Сұрақ: С.И. Байманов

          Қостанай ауданында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылды ма?

         Жауап: Аудан аумағында консультативтік кеңес жұмыс істейді, жылына екі рет отырыс өтеді.

Сұрақ: М.К. Сартов, мәслихат төрағасы

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру барысында ақша қаражатын пайдаланудың тиімділігі қалай бағаланады?    

         Жауап: Іс-шараның өткізілу күнін қадағалаймыз, әрбір жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өткіземіз.

         Сұрақ: Ж.М. Иргасымова, қоғамдық кеңестің мүшесі

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары қаншалықты ауқымды?              

        Жауап: Жобалардың тақырыптары бойынша біз жергілікті қоғамдастықпен алдын ала кең талқылау жүргіземіз, олар туралы ақпаратты мемлекеттік органның сайтында жариялаймыз.

 

ТЫҢДАДЫ: А.А. Жиенгали, Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы (баяндама қоса беріледі).

 

Сұрақ: З.М. Абулова, қоғамдық кеңестің мүшесі

Облыс деңгейіндегі аудан спортының жағдайы қандай?

Жауап: Қостанай облысының рейтингінде біздің аудан көшбасшылардың бірі болып табылады.

Сұрақ: В.И. Колесников, қоғамдық кеңестің мүшесі

Жеке спорт түрлері бойынша есеп жүргізіледі ме, динамика бар ма?

Жауап: Есепке алу жүргізіледі, разрядтар беріледі, динамика оң.

Сұрақ: Ж.М. Иргасымова, қоғамдық кеңестің мүшесі

Спорт нысандары халыққа қаншалықты қолжетімді?

Жауап: Спорт нысандары кесте бойынша жұмыс істейді. Жазғы кезеңге жаттықтырушылардың демалысы бөлінді.

Сұрақ: М.Т. Наженова, қоғамдық кеңестің мүшесі

Ауданның спорт кешендеріндегі спорт залдары жарамсыз болып қалады, жүгіру жолдары жұмыс істемейді. Спорттық снарядтардың бұзылуын жою үшін қандай шаралар қабылдануда?

Жауап: Жүгіру жолдарына, тренажерларға бюджеттік өтінім бердік.

 

ТЫҢДАДЫ: С.Ш. Касымова, Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы (баяндама қоса беріледі).

Сұрақ: Ж.М. Иргасымова, қоғамдық кеңестің мүшесі

«Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігімен жобаға қатысушы тұлғаларды қамту неге ұлғаймайды?

Жауап: Бүгінгі таңда 18 адам қатыса алады, бірақ қатысушылар саны кемінде 30 адамды қамтуы керек.

Сұрақ: С.И. Байманов, қоғамдық кеңестің төрағасы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға қандай қолдау көрсетесіз?

Жауап: ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау.

 

Қостанай ауданының қоғамдық кеңесімен ұсынылды:

Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріне:

  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау кезінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жоспарланатын қызмет салаларындағы ахуалға мұқият талдау жүргізу.
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға қажетті консультациялық, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.
  3. Қостанай ауданында іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды уақтылы жүргізу.

         Бірауыздан қабылданды.

 

2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы.

 

ТЫҢДАДЫ: Г.Б. Бисахалова, Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы (баяндама қоса беріледі).

 

Сұрақ: С.И. Байманов, қоғамдық кеңестің төрағасы

Садчиков ауылының мәдениет үйін қабылдау-тапсыру бойынша өзгерістер бар ма?

Жауап: Баланс ұстаушының хатына сәйкес Садчиков ауылының Мәдениет үйі апатты жағдайда, жөндеу қажет. Объект тапсыру рәсімінен өткеннен кейін бюджет қаражаты есебінен жөнделеді.

Сұрақ: М.К. Сартов - Ауылдық округтерде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Ағымдағы жылы біздің қызметіміздің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында ауданның барлық округтеріне мәдени бағдарламамен бару жоспарланған.

Сұрақ: Ж.М. Иргасымова, қоғамдық кеңестің мүшесі

Іс құжат жүргізу қалай өтеді?

Жауап: Ауданның Мәдениет үйінде тіл орталығы жұмыс істейді. Барлық есептерді, кіріс және шығыс құжаттарды мемлекеттік тілде жібереміз. Орталық оқытушылары тілдерді үйрену курстарды жүргізеді.Олар тегін.

 

Қостанай ауданының қоғамдық кеңесімен ұсынылды:

Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (басшы Г. Бисахалова)

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткішін орындау мақсатында демалыс ұйымдары жоқ ауданның шалғайдағы ауылдық елді мекендеріне халыққа арналған көшпелі концерттермен шығуды жоспарлау.
  2. Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы мәселені тұрақты бақылауда ұстау.
  3. Ауданның елді мекендерінің құрамдас бөліктерін жаңарту бойынша Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп жоспарлы ономастикалық жұмыс жүргізу.

          Бірауыздан қабылданды.

 

    С.И.Байманов, Қостанай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

          Қоғамдық кеңестің төртінші отырысына 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мынадай мәселелер шығарылады:

  1. Қостанай ауданының тұрғындарына сумен жылумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша «Затобол ЖЭК» КМК 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
  2. «Қостанай аудандық ауруханасы» КМК 2024 жылғы сапалы медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы.
  3. Қостанай ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.
  4. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қызметін реттейтін бағдарламаларды іске асыру туралы.

          Бірауыздан қабылданды.

 

 Қостанай ауданы Қоғамдық

кеңес отырысының төрағасы                                                      С.Байманов

 

 

 

 

Дата публикации
22 мая 2025