Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы есеп жобасы туралы

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

                         мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

                                                      № 6  ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                                                                 23 сәуір 2025 жыл

 

 

Қостанай ауданының Тобыл қаласының,

ауылдық     округтерінің    бюджеттерінің

атқарылуы       туралы       2024     жылғы

есеп жобасы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет Кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы баяндамаларын тыңдап, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есеп-қорытындысын қарап, бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп жобасы мәліметке алынсын.
  2. Қостанай ауданының Тобыл қаласының, Заречный ауылдық округтерінің әкімдеріне ұсынылсын:

бюджеттік процесті жетілдіру және оның сапасын арттыру мақсатында кіріс көздерінің бар әлеуетін ескере отырып, сондай-ақ тәуекелдерді талдау және бағалау негізінде, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтай отырып, жоспарлау процесін қайта қарау қажет;

бюджетті болжау және жоспарлау әдістерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, бюджетті орындау барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмысты жандандыру;

дебиторлық және кредиторлық берешектің алдын алу шараларын қабылдау;

бюджеттің барлық кіріс көздерінен түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында және есептелген және төленген сомаларды тоқсан сайын салыстыру бөлігінде, салық салу базасын айқындау бөлігінде салық органдарымен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша шаралар қабылдау.

  1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

бюджетті қалыптастыру кезінде есептемелерді және басқа ақпараттарды дәлелді және толық ұсыну бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қатысты бақылауды күшейту;

тұрақты негізде техникалық оқыту жүргізу кестесін әзірлеу.

  1. Қостанай ауданының Тобыл қаласы, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептің жобасы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Тұрақты комиссиның төрағасы                                                        Е. Жумабеков

 

                           

Дата публикации
28 апреля 2025