Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 5 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 23 сәуір 2025 жыл
Қостанай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы есеп жобасы туралы
2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің есебін, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының Қостанай ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есеп-қорытындысын қарап, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының баяндамаларын тыңдап, бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
бюджеттік процесті жетілдіру және оның сапасын арттыру мақсатында бюджетке түсетін түсімдердің әлеуетін зерделеу, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау негізінде тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу;
бюджетке өз кірістерін жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін ауданның өз қаражатын сапалы жоспарлау және толық пайдалану мақсатында өткен жылдардағы кірістердің түсімдерін ескеру;
бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң басшылыққа алу;
Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұзуға жол бермеу және алдағы кезеңдерге артық жоспарлауға жол бермеу мақсатында бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізу;
Қостанай ауданы әкімдігінің дамудың негізгі басымдықтары бойынша депутаттық корпус пен қаланың қоғамдық ұйымдарының бастамаларын енгізу мәніне Қостанай облысы аумағын дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және түзетуге қатысу сұрағын қарастыру;
Қостанай ауданы Заречное ауылында спорт кешенін пайдалануға беру жөнінде шаралар қабылдау және оны ресми пайдалануға берілген сәтке дейін пайдалануды тоқтата тұру;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне дебиторлық және кредиторлық берешекке жол бермеу жөнінде шараларды қабылдау.
бюджетті қалыптастыру кезінде есеп айырысулар мен басқа да ақпараттарды негізді және дұрыс ұсыну бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қатысты мониторинг жүргізу;
ауданның бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын келісу кезінде олардың жасалуына және бекітілуіне мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасына бақылауды жүзеге асыру;
бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау кезінде әлеуметтік-экономикалық дамудың статистикалық көрсеткіштерінің өсуін немесе төмендеуін талдау және салық түсімдерінің өсуімен немесе төмендеуімен, атап айтқанда корпоративтік табыс салығы бойынша өзара байланыс жүргізу;
жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға анықталған бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті арттыру мақсатында тиісті шараларды қабылдау;
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы енгізген тапсырмалардың орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ұсынымдарды уақтылы қарау.
Тұрақты комиссия төрағасы Е. Жумабеков