Қостанай аудандық мәслихаты аппаратының жұмысы туралы 2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша ақпарат
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
Аудандық мәслихат аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (25-бап), «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Мемлекеттік мекеме туралы ереже және мәслихаттың Регламентімен реттеледі.
Есепті кезеңде аппарат өз жұмысын мәслихат төрағасы бекіткен негізгі іс-шаралардың жылдық және айлық жоспарларына және сессияның қарауына шығарылатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес қызмет атқарды.
2025 жылдың 1-тоқсанында мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы 5 сессия өткізілді, оның ішінде: кезекті -1, кезектен тыс – 4 сессия.
|
р/с № |
Аудандық мәслихатының сессиялары (негіздеме) |
Өткізілу күні |
Мәслихат актілері |
|
1
|
Кезекті сессия (5 шешім)
|
05.02. 2025
|
№ 248 Аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы О повестке очередной девятой сессии районного маслихата № 249 Қостанай аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі. Отчет председателя Костанайского районного маслихата о проделанной работе по организации деятельности маслихата в 2024 году. № 250 Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы. Об утверждении персонального состава районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций. № 251 Мәслихаттың 2024 жылғы 27 наурыздағы № 157 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 27 марта 2024 года № 157 «Об утверждении персонального состава антитеррористической комиссии при акимате Костанайского района». № 252 Аудандық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке очередной десятой сессии районного маслихата. |
|
2 |
Кезектен тыс сессия (3 шешім) Аудан әкімінің бастамасы бойынша |
07.02. 2025 |
№ 253 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы О повестке внеочередной сессии маслихата № 254 Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 240 «Қостанай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 26 декабря 2024 года № 240 «О районном бюджете Костанайского района на 2025-2027 годы». № 255 Қостанай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы. Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Костанайскому району. |
|
3 |
Кезектен тыс сессия (3 шешім) Аудан әкімінің бастамасы бойынша |
10.02. 2025 |
№ 256 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы О повестке внеочередной сессии маслихата № 257 Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 243 «Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы О внесении изменений в решение маслихата от 27 декабря 2024 года № 243 «О бюджетах города Тобыл, сельских округов Костанайского района на 2025-2027 годы» № 258 Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Костанайского района |
|
4 |
Кезектен тыс сессия (5 шешім) Депутаттардың бастамасы бойынша |
18.03. 2025 |
№ 259 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. О повестке внеочередной сессии маслихата. № 260 Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. О внесении изменения в решение маслихата от 27 декабря 2023 года № 131 «Об избрании членов участковых избирательных комиссий Костанайского района». № 261 Мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы. Об отмене некоторых решений маслихата. № 262 Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. О внесении изменений в решение маслихата от 29 июля 2022 года № 195 «Об утверждении персонального состава комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Костанайского района». № 263 Аудандық мәслихаттың төрағасына сыйлықақы беру туралы. О премировании председателя районного маслихата. |
|
5 |
Кезектен тыс сессия (3 шешім) Депутаттардың бастамасы бойынша |
27.03. 2025 |
№ 264 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы О повестке внеочередной сессии маслихата № 265 Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және ережесін бекіту туралы Об утверждении персонального состава земельной комиссии при акимате Костанайского района. № 266 Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 130 «Қостанай аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. О внесении изменения в решение маслихата от 27 декабря 2023 года № 130 «Об избрании членов Костанайской районной избирательной комиссии». |
Қабылданған шешімдер - 19, оның ішінде әділет органдарында тіркелген - 0 НҚА.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 4 шешім жарияланған.
2.2. Тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары өткізілді:
2.2.1. Мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы - 4 отырыс (кезекті - 1, кезектен тыс - 3). Тұрақты комиссия 5 қаулы қабылдады. 10 сұрақ қаралды.
2.2.2. Мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы - 3 отырыс (кезекті - 1, кезектен тыс - 2). Тұрақты комиссия 4 қаулы қабылдады.
Аудандық мәслихат төрағасымен 36 өкім шығарылды, оның ішінде:
Жеке құрамы бойынша - 14; негізгі қызмет бойынша - 22.
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпы құжатайналым 2025 жылдың 1-тоқсанында 229 бірлікті құрады, оның ішінде:
Кіріс хат-хабарлары – 127 бірлік, оның ішінде ДИРОРД мәлімет үшін жіберілгендер – 27;
шығыс хат-хаюарлары – 102 бірлік.
Қостанай аудандық мәслихатының аппаратына 8 өтініш келіп түсті.
Жеке тұлғалардан өтініштер – 3 (арыз - 1, сұрау - 2). Оның ішінде азаматтарды жеке қабылдауында түскен өтініш – 0.
Заңды тұлғалардан өтініштер – 5 (арыз – 3, сұрау - 2).
Аудандық мәслихат аппаратында белгіленген мерзімден 4 өтініш қаралды, оның ішінде: түсіндірілді – 3, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды – 1. Қайта жіберілді - 3, өтінішті кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылды -1.
Өтініштерді қарау мерзімі бұзылған жоқ.
«Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. «Е-қызмет» енгізілген құжаттардың жалпы саны – 27 бірлік, оның ішінде өкімдер – 12, басқа құжаттар – 15.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына сәйкес 2025 жылғы қаңтарда бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың 1-тоқсанында Қоғамдық кеңестің 2 отырысы өтті. Нормативтік құқықтық актілердің 17-і бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Аппарат басшысы Р. Сергазина