Ақпаратқа және отырыстарды онлайн-трансляциялауға қол жеткізу мәселелері бойынша жауапты тұлғалар туралы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1.Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша Қостанай аудандық мәслихатының аппарат басшысы Р.К.Сергазина жауапты тұлға болып анықталсын.
«Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауды жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.А.Турлыхановаға;
мемлекеттік органдардың интернет-порталында (МОИП) құжаттар кітапханасында ақпараттарды орналастыру «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ж.С.Конакбаеваға;
аудандық мәслихаттың мемлекеттік органның қызметі туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай порталында (МОИРБП) орналастыру, ақпараттық стендте деректерді жаңарту, контент-менеджерлердің есеп жазбаларын алу үшін өтінімдерді жіберу «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Ж.Мухамеджановаға;
бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді «Ашық бюджет» интернет-порталында орналастыру «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.М.Шахбутовқа;
мәслихат сессияларында және басқа ашық отырыстарда онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің компьютер техникасының (бағдарламалар) операторы П.А.Чумаковқа бекітілсін.
Қостанай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Сартов
Аудандық мәслихат төрағасының
2025 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 н/қ өкіміне қосымша
Аудандық мәслихат хатшысының кейбір күші жойылған өкімдерінің тізбесі