Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 4 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 4 наурыз 2025 жыл
Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы
Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі С.А. Илеуованың (бұдан әрі - Бөлім) баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Бөліммен бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде жүктелген функцияларды тиімді орындалуы бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға бекітілген қаржыландыру жоспары 6 млрд.786 млн. 647,0 мың теңгені құрады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу мақсатында 8 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 3,3 бірлік штаттан тыс қызметкерлерді ұстауға - 60 251,0 мың теңге көзделген.
«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша коммуналдық меншіктегі үйлерді ұстауға 25860,0 мың теңге сомасында, оның ішінде Қостанай ауданы Заречный ауылының «Северный» шағын ауданындағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және үйлерге қызмет көрсетуге бюджет қаражаты көзделген.
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй сатып алу үшін «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасы 29 000,0 мың теңгені құрады.
Жерлеу орындарын ұстауға және туысы жоқ адамдарды жерлеуге - 1 млн. теңге. Санитарлық нормаларды сақтау мақсатында православиелік және мұсылмандық зират аумақтарын күтіп-ұстау сияқты жұмыстардың түрлерін жүргізуге: көктемгі-жазғы кезеңде қарды тазарту, шығару, шөп шабу, қоқыстан тазарту 9 миллион 693,0 мың теңгені құрайды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мақсатында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 64 693,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген.
Бюджет қаражаты 125 918,0 мың теңге сомасында «Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдары бойынша шығыстарды өтеу шеңберінде заңды тұлғаларға субсидия төлеуге көзделген.
Аудандық мәслихаттың бюджет экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
бюджет қаражатының нысаналы, тиімді және ұтымды пайдаланылуына Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұза отырып, оларды пайдалануға жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу.
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика,
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы Е. Жумабеков