Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 3 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 4 наурыз 2025 жыл
Қостанай ауданы Заречный ауылдық
округі әкімінің ауылдық округтің
әлеуметтік - экономикалық дамуы
туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Заречный ауылдық округі әкімінің орынбасарының есебін тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Заречный ауылдық округінде ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Заречный ауылдық округінің құрамына 6 елді мекен кіреді: Заречный, Абай, Осиновка, Новоселовка, Рыспай, Талапкер ауылдары. Жалпы халық саны - 13217 тұрғын, 3008 аула, Заречный ауылы -10 466, Абай ауылы - 575, Осиновка ауылы - 601, Новоселовка ауылы - 392, Рыспай ауылы - 627, Талапкер ауылы - 556.
«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылы 289 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: электрондық түрде – 231; қағаз түрінде – 58.
Жүйелі негізде ауылдық округ тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2024 жылы табысы кедейлік шегінен төмен 19 азаматқа (119 адам) атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Төлемдердің жалпы сомасы 5 млн. 959 357 теңгені құрады.
21 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек 1550,64 мың теңге, тұрғын үй көмегі 169,149 мың теңге сомасында көрсетілді (8 адам).
Заречный ауылдық округінде 10 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, оның ішінде: 5 ЖШС және 4 шаруа қожалығы. «Осиновка 2024» ауылдық өндірістік кооперативі ашылды.
Ауылдық округте 5 жалпы білім беретін мектеп, мемлекеттік және бір жекеменшік балабақша жұмыс істейді.
Заречный мектеп-лицейінде 819 бала оқиды. Мектеп базасында толық күн болатын шағын орталық жұмыс істейді, онда 98 тәрбиеленуші бар. Мектепте 79 педагог жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау саласы дәрігерлік амбулаториямен және 5 медициналық пунктпен ұсынылған.
2024 жылы спортпен шұғылдану үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Заречное ауылында «Современник» Мәдениет үйі жұмыс істейді, онда «Әжелер» және «Сударушки» халық ұжымдары жұмыс жүргізеді.
Ауылдық округ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Талапкер ауылында су құбырының құрылысы аяқталды, жоба құны - 873,0 млн теңге.
Рыспай ауылында су құбырының құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.
Заречное ауылының жол ұзындығы 48 шақырым. Жолдардың 65 % асфальтталған жол төсемі бар. Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық округтің ауылдарын көше жарығымен қамту пайызы 95% құрады. 2025 жылы жарықтандыруды орнату және қолданыстағы желілерді қайта құру жоспарлануда.
Қостанай аудандық мәслихатының бюджет экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыру;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлеу және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсыну;
4) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиналысын кеңінен тарту:
5) бюджет қаражатының нысаналы, тиімді және ұтымды пайдаланылуына Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұза отырып, оларды пайдалануға жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу.
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика,
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы Е. Жумабеков