Сайлау комиссиясы мүшесінің шығарылуы туралы хабарлама - 06.03.2025

Сайлау комиссиясы мүшесінің шығарылуы туралы хабарлама - 06.03.2025

«Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан шығарылды:

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі – Шарипов А.С.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде комиссияның шығып қалған мүшесінің орнына өз кандидатураларын ұсына алады.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелеріне бекітілген Біліктілік талаптарында белгіленген білім деңгейіне, жұмыс өтілі және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» ішкі жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы тиіс.

Қажетті құжаттар:

1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партия органы немесе өзге де қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

3) саяси партияны немесе өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (сандық көшірмесі).

5) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Тобыл қ., Тәуелсіздік көшесі, 65, каб.208. Анықтама телефоны: 871455 21871».

Дата публикации
06 марта 2025