Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының
№ 3 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 2025 жылғы 17 ақпан
Қостанай ауданында қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін,
сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың
алдын алуды қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қостанай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы А.Е. Карымсаковтың ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ауданда тұрақты жедел жағдайды сақтау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
2024 жылдың 12 айында аудан аумағында қылмыстарды жалпы тіркеу -29,4% - ға (415-тен293-ке дейін) төмендеді.
Уақтылы қабылданған алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың санын21,6% - ға (51-ден40-қа дейін); кәмелетке толмағандаржасаған қылмыстардың санын 75% - ға (4-тен1-ге дейін); маскүйінде жасалған қылмыстардың санын 3,6% - ға (56-дан54-ке дейін) қысқартуға мүмкіндік берді.
Профилактикалық есепке 1161 (2023ж.-884) адам қойылды.
Отбасылық дебоширлерге қатысты - 687 (2023ж.-621)қорғау ұйғарымдары шығарылды.
Алкогольдік маскүйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды тексеру тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2024 жылы Қостанай ауданының аумағында спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын 652 адам өмір сүрді, оның ішінде сот шешімі бойынша алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге 11 адам жіберілді (2023ж.-7).
Спирттік ішімдіктер айналымы саласында жол берілген бұзушылықтар үшін 26 дүкениесі, оның ішінде 21 жасқа толмаған адамдарға спирттік ішімдіктерді сатқаны, сондай-ақ белгіленген уақытта спирттік ішімдіктерді сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан ауылдарында осы қызмет түріне тиісті лицензиясы жоқ тұлғалардың спирттік ішімдіктерді сатуының 14 фактісі анықталды. Бұл негізінен үйде алкоголь сататын адамдар, «еден астынан».
Алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе қоғамдық орындарда маскүйінде көрінуіне байланысты анықталған құқық бұзушылықтар саны103,4% - ға(680-ден1383-ке дейін) өсті. 2024 жылдың12 айының қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздік желісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы саны 44,9% - ға (4732-ден6859-ға дейін) өсті.
Бөтеннің мүлкін ұрлау саны42,9% - ға төмендеді (198-ден113-ке дейін).
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Интернеттегі алаяқтықтың 64 фактісі тіркелді.Қылмыскерлер қолданатын схемалар үнемі жетілдіріліп отырады.Осы қылмыстарды ашу мақсатында полиция бөлімінде арнайы топ құрылды.
Ауылдық жерлерде мал ұрлығына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.Қабылданған шаралар мал ұрлығының санын 4-тен 3 фактіге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.Қылмыстардың едәуір бөлігі жануарлар иелерінің бақылаусыз болатын еркін жайылымнан жасалған.
2024 жылдың12 айында Қостанай ауданының аумағында тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 100% - ға(62-ден124-ке дейін) өсті. Қаза тапқандар саны–63,6% - ға төмендеді (22-ден 8-ге дейін), жараланғандар саны 68,5% - ға өсті (108-ден182-ге дейін).
Елді мекендерде 53 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 1 адам қайтыс болды, 63 адам дене жарақатыналды (2023 ж.-17-1-20).
2024 жылдың 12 айында анықталған жол қозғалысы ережелерін бұзу саны 109,3% - ға (2630-дан 5504-ке дейін), оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін 45,8% - ға (48-ден 70-ке дейін) өсті.
Көлік құралдары жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 523 жүргізуші жауапкершілікке тартылды (2023 ж. - 282). Жаяу жүргіншілер жол берген анықталған құқық бұзушылықтар саны111,2% - ға өсті(203-тен 433-ке дейін).
Күн сайын Қостанай ауданының ПБ жеке құрамы ЖКО алдын алу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Аудан аумағында бірнеше рет аудан жолдарындағы апаттылықты төмендетуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қостанай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының ақпараты назарға алынсын.
2.Ұсынылсын:
1) Қостанай ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жандандыру;
2) өзіне сеніп тапсырылған аумақта қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ерекше бақылауға алу;
3) құқық бұзушылықтардың барлық түрлерінің профилактикасы үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құралымдардың әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану;
4) аудандық полиция бөлімінде жедел басқару орталығы пайдалануға берілгеннен кейін бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылаудың жаңа режимі туралы халыққа жеткізу;
5) 2025 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде Тәуелсіздік және Терешкова, Тәуелсіздік және 40 лет Октября көшелерінің қиылысында жолдың тарылтуы туралы жол белгісін орнату мәселесін қарастыру.
Аудандық мәслихаттың
әлеуметтік сала және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрайымы М. Растегаева