06 қаңтар 2025 жыл
Қостанай аудандық мәслихаты аппаратының
2024 жылғы жұмысы туралы ақпарат
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Аудандық мәслихат аппаратының (бұдан әрі–Аппарат) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен (25-бап), «Құқықтық актілер туралы», Мемлекеттік мекеме туралы ережемен және аудандық мәслихаттың Регламентімен реттеледі.
Есепті кезеңде Аппарат өз жұмысын мәслихат төрағасы бекіткен негізгі іс-шаралардың жылдық және айлық жоспарлары бойынша құрды.
2024 жылы 8 шақырылымдағы мәслихаттың 18 сессиясын өткізу қамтамасыз етілді, оның ішінде: кезекті - 4, кезектен тыс - 14 сессия. 112 мәслихат шешімі қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тіркеуге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық бақылау банкінде жариялауға жататын нормативтік құқықтық актілер – 14.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді:
Мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы.
2024 жылдың есепті кезеңінде тұрақты комиссияның 8 отырысы өткізілді,оның ішінде бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиямен бірлескен отырысы – 1. Кезектен тыс отырыстар – 4, онда 22 мәселе қаралды. 14 қаулы қабылданды. 10 лауазымды тұлғаның есептері тыңдалды.
2024 жылдың бірінші тоқсанында комиссияның кезекті отырысында (2024 жылдың 13 наурызы) мәселелер қаралды:
Екінші тоқсанда (2024 жылғы 4 маусым) комиссия отырысында мәселелер қаралды:
1.Тобыл қаласында, Заречный ауылдық округінде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру туралы.
Жоспардан тыс тұрақты комиссия 10 мәселені қарады:
Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы жеті мәселе қаралды.
Үшінші тоқсанда тұрақты комиссия 2 жоспарлы мәселені қарады (2024 жылғы 5 қыркүйек):
2024 жылғы тамызда тұрақты комиссиялардың кезектен тыс бірлескен отырысында мәселелер қаралды:
- Қостанай ауданының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы;
- Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы Жер комиссиясының дербес құрамы және ережесі.
Төртінші тоқсанда 2024 жылғы 13 желтоқсандағы тұрақты комиссияның кезекті отырысында мәселелер қаралды:
Барлық отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулылар қабылдады, онда тиісті ұсынымдар берілді.
Бұдан басқа, депутаттар-әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері есепті кезеңде аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 7 бірлескен отырысына қатысты, онда қосымша 27 мәселе қаралды.
Мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы.
2024 жылдың есепті кезеңінде тұрақты комиссияның 14 отырысы өткізілді. Оның ішінде жоспарлы отырыстар – 4, жоспардан тыс отырыстар - 10. Жоспарлы мәселелер – 8, жоспардан тыс қызметтің әртүрлі салаларын қамтитын - 28 мәселе қаралды, 29 лауазымды тұлғаның есептері тыңдалды.
Тұрақты комиссия аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссиясымен 7 бірлескен отырыс өткізді, онда 27 мәселе қаралды.
Тұрақты комиссияның барлық отырыстарының қорытындысы бойынша 18 қаулы қабылданып, тиісті ұсынымдар берілді.
2024 жылдың бірінші тоқсанында 2024 жылдың 15 наурызындағы кезекті отырыста 2 мәселе қаралды:
Бірінші тоқсанда тұрақты комиссияның кезектен тыс 2 отырысында 10 мәселе қаралды, оның ішінде:
- Қостанай ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетке және Тобыл қаласының ауылдық округтерінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы комиссияның 2 отырысында қаралды.
- Мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы.
- Қостанай ауданы мен Тобыл қаласы елді мекендерінің жерлерін, бағалау аймақтарының шекараларын аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
- Мәслихаттың Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және ережесін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы комиссияның 2 отырысында қаралды.
- Қостанай ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу және «Қостанай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Екінші тоқсанда 2024 жылғы 23 сәуірде комиссияның кезекті отырысында 2 мәселе қаралды:
Мемлекеттік мекемелер басшыларының, Тобыл қаласы, ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Нақты ұсыныстары бар тиісті қаулылар қабылданды.
Жоспардан тыс 2-тоқсанда тұрақты комиссия 4 мәселені қарады:
- Мәслихаттың Қостанай ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қостанай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Қостанай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы мәслихат шешімінің күшін жою туралы.
- Мәслихаттың Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2024 жылғы 26 қыркүйектегі үшінші тоқсанда 2 жоспарлы мәселе қаралды:
Жоспардан тыс 2 отырыс өткізіліп, 6 мәселе қаралды.
Төртінші тоқсанда 2024 жылғы 20 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында Қостанай ауданының аудандық бюджетінің жобалары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері қаралып, талқыланды.
4 тоқсанда тұрақты комиссия жоспардан тыс 4 отырыс өткізді, онда 8 мәселе қаралды.
Аудандық мәслихат төрағасының өкімдері туралы
Шығарылды – 63 өкім, оның ішінде:
жеке құрам бойынша – 31;
негізгі қызмет бойынша – 32.
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жалпы құжат айналымы 2024 жылы 850 бірлікті құрады, оның ішінде: кіріс хатхабар – 432 бірлік, шығыс хатхабар – 418 бірлік.
Қостанай аудандық мәслихатының аппаратына 17 өтініш келіп түсті.
Жеке тұлғалардан өтініштер – 12.
Заңды тұлғалардан – 5 өтініш түсті.
Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.
Біліктілікті арттырудан 1 мемлекеттік қызметші өтті (А.А.Турлыханова). «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес тағылымдамадан 1 мемлекеттік қызметші өтті ( Ж.А. Байтенизова).
«Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс штаттық режимде жүргізіледі.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның Қоғамдық кеңесін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы Қоғамдық кеңестің 8 отырысы өткізілді, нормативтік құқықтық актілердің 24 жобасы жария талқыланды.
Есептер тыңдалды:
- «Аудандағы қылмыстың жай-күйі және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қостанай аудандық полиция бөлімінің басшысы (Т.Ж. Тапаев);
Қостанай ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ж.Д. Искаков) «1 тоқсандағы жұмыс және 2024 жылдың соңына дейінгі жоспарлар туралы»;
Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Ж.Елтай) «1 тоқсандағы жұмыс және 2024 жылдың соңына дейінгі жоспарлар туралы»;
Тобыл қаласының әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2024 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы» (З.К. Комаров);
Садчиков ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2024 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарлары туралы».
Білім беру объектілерін бейімдеу бойынша 3 мониторинг жүргізілді («Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК).
Аудандық мәслихат
аппаратының басшысы Р. Сергазина