Қостанай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қостанай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Қостанай ауданында салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қостанай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                          М. Сартов

 

Қостанай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Дата публикации
19 ноября 2024