Сайлау комиссияларының мұшелерін шығару туралы

«Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан саяси партия мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

  1. № 540 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП,
  2. № 546 сайлау комиссиясы: Қазақстан Халық партиясы;
  3. № 552 сайлау комиссиясы: Қазақстан Халық партиясы;
  4. № 567 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП,
  5. № 570 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы, «Ауыл» ХДПП;
  6. № 574 сайлау комиссиясы: ҚДП «Ак Жол»;
  7. № 575 сайлау комиссиясы: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  8. № 593 сайлау комиссиясы: «Мүгедектер қоғамы»ҚБ
  9. №572 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы, «Мүгедектер қоғамы»ҚБ

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 871455 21871».

Дата публикации
31 июля 2024