Қостанай аудандық мәслихатының тарих беттерінен, 7-шақырылым

Қостанай аудандық мәслихатының тарих беттерінен,

7-шақырылым

 

2021 жылдың 10 қаңтарында Қостанай аудандық мәслихатының сайлауы нәтижесінде 14 депутат сайланды, оның 4-і әйел, 20 пайызы жастар өкілдері. Депутаттық корпусқа үш саяси партияның өкілдері кірді: «АМАНАТ» («Нұр Отан») – 11 адам; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 2 адам, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 адам.

Негізінен бұл ірі кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары, әлеуметтік сала қызметкерлері.

Қостанай аудандық мәслихатының 2021 жылғы қаңтардағы бірінші сессиясында ашық дауыс беру нәтижесінде Марат Құттықожаұлы Сартов мәслихат хатшысы болып бірауыздан сайланды.

2 тұрақты комиссия құрылды: бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері және әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссия. Тұрақты комиссияларды тиісінше Марат Фазылжанұлы Сәдуақасов және Төлебаева Айман Байбосынқызы басқарды.

VII-шақырылымдағы депутаттарды қайта сайлау нәтижесінде келесі депутаттар сайланды: Достояров Қарлығаш Ескермесқызы (Жәкенова Б.Г. орнына), Шалғымбекова Жанара Рүстемқызы (Джурабаева С.И. орнына)

 

Дата публикации
29 мая 2024