Қостанай аудандық мәслихатының тарих беттерінен, 6-шақырылым

Қостанай аудандық мәслихатының тарих беттерінен, 6-шақырылым

 

2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың сайлауы өтті.

2016 жылғы 28 наурызда Қостанай аудандық комиссия төрағасының қаулысымен алтыншы шақырылған Қостанай аудандық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылды.

Алтыншы шақырылымның депутаттық корпусынан бұрынғы шақырылымдардың депутаттары да – 11 адам, жаңадан – Доценко К.А.

Кириченко А.В., Утебекова Б.Б., Мирасов Д.Ж. ұсынылды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы болып Амангелді Чапайұлы Досжанов қайтадан сайланды.

6-шақырылымда 5 депутат өз өкілеттіктерін тоқтатты: Досжанов А.Ч., Кульбеков С.К., Кириченко А.В., Кикебаев Н.А., Көпжасаров Б.Г.

Қосымша сайлау нәтижесінде аудандық мәслихатқа 3 депутат сайланды – Көпжасаров Б.Ғ.

(2016 ж. қазан), Ахметов А.Ж., Фищук А.А. (2018 ж. наурыз).

2016 жылдың 30 қазанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Бауыржан Ғалымжанұлы Көпжасаров аудандық мәслихаттың хатшысы болып, 2020 жылдың 12 сәуірінен бастап Ажар Жансұлтанқызы Ақсауытова мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай аудандық мәслихатының атынан 13 депутат ұсынылды.

 

6-шақырылымдағы депутаттар жұмысындағы маңызды оқиғалар мыналар болды:

2017 жылы бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға «Экспo-2017» халықаралық көрмесін өткізу болды.

2017 жылғы 29 маусымда Қостанай аудандық мәслихатының депутаттары толық құрамда Астана қаласында (бұрынғы Нұр-Сұлтан қаласы) «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне барды.

Осы күні Қазақстан Республикасы Парламенті қабырғасында Қостанай облысынан сайланған Сенат депутаттары – Ж.М.Нұрғалиевпен және С.Ч. Бектұрғановпен іскерлік кездесу өтті.

Қостанай аймағы мәслихаттарымен тығыз ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мақсатында, сондай-ақ Затобол кентінің мәртебесін аудандық маңызы бар қалаға өзгертуді қолдау белгісі ретінде мәслихатта Қостанай облысы мәслихаттарының хатшылары арасында «Жаңа қала – жаңа Мүмкіндік» турнирі үстел теннисі мен дартс бойынша ашық аудандық турнирі өткізілді.

Сондай-ақ 2019 жылы Қостанай аудандық мәслихатының депутаттық корпусы үшін «Науырзым» мемлекеттік қорығын аралау маңызды оқиға болды.

Жергілікті жерде өткізілген семинары аясында Науырзым аудандық мәслихатының депутаттарымен бірге қорық қызметімен танысты. Онда өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

Олардың қызметтері ескеріліп, Қостанай ауданы әкімінің ұсынысымен ауданның Құрметті азаматы атағы 6-шақырылымның депутаттары: С.Қ.Байғабуловқа, С.Б.Есментаевқа, сондай-ақ «Терра» ЖШС директоры Семейкин В.И.

және Садчиковский ауылдық округінің бұрынғы әкімі Байманов С.И.берілді.

Дата публикации
06 мая 2024