Қостанай аудандық мәслихатының тарих беттерінен, IV шақырылым
2007 жылғы 18 тамызда аудан халқының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық байқаушылардың белсенді қатысуымен төртінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
Сайлаушылардың қолдауының нәтижесінде мәслихатқа 15 депутат оның 12-сі ер, 3-і әйел сайланды.
Осы шақырылымның депутаттық корпусынан алдыңғы шақырылымның депутаттары да – 9 адам, кәсіпкерлік және білім саласы өкілдерінен жаңадан – 5 адам (Байгабулов С.К., Семейкин В.И., Пономарев Р.И., Черкасов А.Г., Төлепов Н.И.) қатысты.
Мәслихат хатшысы болып Нариман Ихсанұлы Төлепов сайланды.
Сессияда екі тұрақты комиссия құру туралы шешім қабылданды:
- бюджет, экономика және басқару мәселелері бойынша – Комиссия төрағасы Черненко Владимир Леонидович;
- әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселелері бойынша - төраға - Нам Любовь Михайловна.
IV сайланған депутаттарды қайта сайлау нәтижесінде келесі депутаттар сайланды:
- 2009 жылғы 29 наурыз – Павловский А.Е., Фищук А.А., Кучма А.В. (Авдеенко В.И., Дядя И.В., Комасова А.П. орнына);
25 қазан 2009 ж. – Досжанов А.Ч. (Төлепов Н.И. орнына);
31 қазан 2010 ж. – Ақсауытова А.Ж. (Нам Л.М. орнына).