Қостанай аудандық мәслихатының 3-ші шақырылымының тарихы
2003 жылдың қыркүйек айында үшінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Бұл сайлау саяси партиялардың белсенділігімен сипатталды, бұл өз кезегінде қызу сайлауалды күреске себеп болды. Барлық депутаттыққа кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізді.
Мәслихатқа 15 депутат сайланды, оның ішінде екінші шақырылымның 7 депутаты көпшілік дауысқа ие болып, 3-ші шақырылымның депутаты болып сайланды.
3-ші шақырылымдағы мәслихаттың сайланған депутаттарының ішінде үш әйел (Бекбосынова Г.С., Нам Л.М., Балапанова Қ.А.) болды.
Мәслихаттың хатшысы болып қайтадан Ә.М.Баекенов сайланды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясын В.И.Двуреченский басқарды.
Сондай-ақ 2 тұрақты комиссия – бюджет, экономика, ауылдық аумақтарды дамыту, экология және биологиялық ресурстар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып Владимир Леонидович Черненко сайланды.
Сергей Михайлович Елчищевтің төрағалығымен құқық тәртібі, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі комиссия.
2004 жылы тексеру комиссиясы төрағасының бос лауазымы мәслихат аппаратына енгізіліп, бұл қызметке аудандық мәслихаттың депутаты Балапанова Қарлығаш Әлиханқызы сайланды.