Қостанай аудандық мәслихатының тарихына көз жүгірту
Депутат болу – сайлаушылар алдындағы, қоғам алдындағы, өз алдындағы үлкен жауапкершілік.
Мәслихаттардың тарихы – жергілікті халық арасында бедел мен құрметтің артқан тарихы.
Егемен Қазақстанның өз болашағына жасаған алғашқы байыпты қадамы 1993 жылғы Конституция және «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының қабылдануы болды. Оның қабылдануымен егемен Қазақстанның өкілетті билігі өз тарихын бастайды.
1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасында бес жыл мерзімге жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар – бірінші шақырылым депутаттарының жиналыстарына сайлау өтті. Сайланған депутаттардың ішінде 15 ер адам және 5 әйел адам болды.
1994 жылы 25 наурызда Қостанай аудандық мәслихатының бірінші шақырылымының бірінші сессиясы – жиналысы өтті.
Қостанай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Баекенов Әбдікәрім Мағзұмұлының төрағалығымен Қостанай аудандық мәслихатының бірінші шақырылымы – ассамблеясының бірінші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың хатшысы болып Донскова Любовь Григорьевна сайланды.
Тексеру комиссиясының төрағасы болып Демесенов Мереке Андреевич сайланды.