Округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы хабарлама

«Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының сайлау комиссиялары құрамынан саяси партия мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

  1. № 2 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  2. № 6 сайлау комиссиясы: Қазақстан Халық партиясы;
  3. № 7 сайлау комиссиясы: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  4. № 11 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы;
  5. № 14 сайлау комиссиясы: «Ардагер» ҚБ.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 871455 21871».

Округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы хабарлама
Дата публикации
09 января 2024