Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және
заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 9 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 2023 жыл 21 қараша
Қостанай ауданында мал шаруашылығын дамытудың, эпизодтық іс-шараларды жүзеге асырудың, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Б.Дощановтың, «Ветеринарлық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы А.Б.Бисеновтың ақпараттарын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Қостанай ауданында мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін барынша қайта өңдеу үшін заманауи өндіріс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыру.
2.2. Орта және ірі тауарлы өндірісі бар асыл тұқымды шаруашылықтарды ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.
2.3. Ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға Қостанай ауданы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету
3.1. Жұқпалы ірі қара малдарды союға режимді кәсіпорынға тапсыру жұмыстарын күшейту, олардың шамадан тыс таралуына жол бермеу.
3.2. Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, Қостанай ауданының елді мекендеріндегі есепке алынбаған мал басына бақылауды күшейтіп, дер кезінде ден қою шараларын қабылдау.
Тұрақты комиссия төрайымы М. Растегаева