Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және
заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
№ 8 ҚАУЛЫСЫ
Тобыл қаласы 2023 жыл 21 қараша
Қостанай ауданында «Қол жетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы әкімі аппаратының ақпараттық және цифрлық технологияларының бас маманы Е.А.Дербуштың ақпаратын тыңдап, Қостанай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Қостанай ауданында 2025 жылға дейін «Халықтың саны 250-ден астам және одан да көп ауылдарды мобильді интернетпен қамту жобасын» толық көлемде іске асыруды қамтамасыз ету.
2.2. Жұмыс кестесіне сәйкес 2027 жылға дейін Қостанай ауданының елді мекендерін оптикалық байланыс арнасымен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасының орындалуын қамтамасыз етсін.
2.3. Қостанай ауданының елді мекендерінде көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің сапасын бақылау және азаматтардың тиісті ұялы байланыс операторларына өтініштерін жолдауға көмектесу.
Тұрақты комиссия төрайымы М. Растегаева