Мәслихаттың «Қостанай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасына
баспасөз-релизі
Мәслихаттың «Қостанай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады. Жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға ықпал етпейді.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14026156