Қостанай ауданының 2022 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы

Қостанай аудандық мәслихатының бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

№ 3 ҚАУЛЫСЫ

 

Тобыл қаласы                                                                  2023 жыл 26 сәуір

 

 

 

Қостанай  ауданының 2022 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының есеп-қорытындысын талқылап, Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы З.К.Кенжегаринаның ауданның 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы баяндамасын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын тыңдап,  бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қостанай ауданының 2022 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы есеп мәліметке алынсын.
  2. Қостанай ауданының 2022 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы есеп аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Тұрақты комиссияның

төрағасы                                                                        Е. Жумабеков

Қостанай ауданының 2022 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы туралы
Дата публикации
28 апреля 2023