2023 жылғы 24 сәуірден сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы

 «Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының сайлау комиссиялары құрамынан саяси партия мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

  1. № 548 сайлау комиссиясы: «Сарбаз» ҚБ;
  2. № 549 сайлау комиссиясы: «Ауыл» партиясы;
  3. № 593 сайлау комиссиясы: «Ардагер» ҚБ.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 714 55 2-18-71».

2023 жылғы 24 сәуірден сайлау комиссиялары мүшелерінің шығуы туралы
Дата публикации
24 апреля 2023