2022 жылғы 23 тамыздағы сайлау комиссиялары мүшелерін шығару туралы хабарлама

 «Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының сайлау комиссиялары құрамынан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

  1. № 524 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы, «Ауыл» ХДПП, Қазақстан халық партиясы, «Ардагерлер ұйымы» ҚБ;
  2. № 525 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП, «Ровесник» ҚБ, «Ардагерлер ұйымы» ҚБ;
  3. № 527 сайлау комиссиясы: «Мүгедектер қоғамы» ҚБ
  4. № 542 сайлау комиссиясы: «ADAL» партиясы
  5. № 544 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы, «Ауыл» ХДПП, «Ақ жол» ҚДП, «Мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Сарбаз» ҚБ, «Ардагер» ҚБ, «Ардагерлер ұйымы» ҚБ;
  6. № 546 сайлау комиссиясы: Қазақстан халық партиясы;
  7. № 548 сайлау комиссиясы: «ADAL» партиясы
  8. № 552 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы
  9. № 553 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП,
  10. № 557 сайлау комиссиясы: «Сарбаз» ҚБ;
  11. № 558 сайлау комиссиясы: «Ардагер» ҚБ, «Ардагерлер ұйымы» ҚБ;
  12. № 561 сайлау комиссиясы: «Ровесник»ҚБ
  13. № 565 сайлау комиссиясы: Қазақстан халық партиясы,
  14. № 570 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП,
  15. № 579 сайлау комиссиясы: «Мүгедектер қоғамы» ҚБ
  16. № 582 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП, Қазақстан халық партиясы, «ADAL» партиясы
  17. № 584 сайлау комиссиясы: Қазақстан халық партиясы,
  18. № 588 сайлау комиссиясы: «Ардагер» ҚБ,
  19. № 589 сайлау комиссиясы: «Ауыл» ХДПП,
  20. № 590 сайлау комиссиясы: «АMANAT» партиясы

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 714 55 2-18-71».

2022 жылғы 23 тамыздағы сайлау комиссиялары мүшелерін шығару туралы хабарлама
Дата публикации
24 августа 2022