Д.Б.Самбаеваны шығару туралы

Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай аудандық сайлау комиссиясы құрамынан «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Д.Б. Самбаева шығарылды деп хабарлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 714 55 2-18-71».

Д.Б.Самбаеваны шығару туралы
Дата публикации
19 января 2022