Сайлау комиссияларының құрамына кеткендердің орнына кандидаттардың ұсынысы бойынша

«Қостанай аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай ауданының сайлау комиссиялары құрамынан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері шығарылды деп хабарлайды:

  1. № 527 сайлау комиссиясы: «ADAL», «Мүгедектер қоғамы» ҚБ;
  2. № 529 сайлау комиссиясы: «Ауыл»;
  3. № 589 сайлау комиссиясы: «Мүгедектер қоғамы» ҚБ.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына өздерінің кандидатураларын ұсына алады.

Қажетті құжаттар:

а) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыстары хаттамаларынан көшірме;

б) саяси партиялар органдары мен басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

в) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, 208-кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 714 55 2-18-71».

Сайлау комиссияларының құрамына кеткендердің орнына кандидаттардың ұсынысы бойынша
Дата публикации
14 января 2022