Қостанай ауданының Қоғамдық кеңесін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы

Қостанай ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігін сайлау жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелігін сайлау туралы конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы бола алады.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген куәліктерді мемлекеттік органның немесе квази субъектілердің -қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік сектор, ақпараттық жүйелерден осы куәліктерді қайтарып алуына өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы ұсынады..

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Ресупбликасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Ресупбликасы Заңының 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

1,2-тармақтарда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат Қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды Жұмыс тобымен 2021 жылғы 21 желтоқсаннан 2022 жылғы 6 қаңтарға дейінгі кезеңде, мына мекенжай бойынша қабылданады: Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65, № 208 кабинет, «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, электрондық пошта: a.turlykhanova@kostraimaslihat.gov.kz

Қостанай ауданының Қоғамдық кеңесін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы
Дата публикации
21 декабря 2021