Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
мемлекеттік тілде көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері»;
мемлекеттік тілде көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының бүкіл мәтіні бойынша:
«өндіріп алу» деген сөздер тиісінше «өтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |