Қостанай қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

Қостанай қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы
 
 
 
 
Қостанай қалалық мәслихаты Қостанай қаласының 2022 жылға арналған бюджеті туралы мәслихаттың 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 79 "Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен бекітілген қалалық бюджеттің есепті кезең ішінде қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, атқарылғанын атап өтті:
 
кірістер бойынша-81 225 684,3 мың теңге (119,1%), оның ішінде алынған трансферттер – 15 563 204,9 мың теңге (100 %);
 
шығындар бойынша-69 056 996,3 мың теңге (99,6%).
 
Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдығы –                               
 
13 324 947,9 мың теңге.
 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
Қостанай қаласы бюджетінің 2022 жылға атқарылуы туралы есеп (қосымшаға сәйкес) кірістер бойынша 81 225 684,3 мың теңге, шығындар бойынша 69 056 996,3 мың теңге сомасында бекітілсін.
 
 
 
 
 
 
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы                                                                                                                             О. Байғабылов
Қостанай қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы
Дата публикации
15 июня 2023