Әлеуметтік сұрақтар, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының 2021 жылғы жұмысының қорытындылары туралы

Мәслихаттың

2021 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 73 шешімімен бекітілді

Әлеуметтік сұрақтар, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық  бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының 2021 жылғы жұмысының қорытындылары туралы

Әлеуметтік сұрақтар, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссия Қостанай қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешімімен құрылды. Комиссия құрамына 9 депутат сайланды. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады және қалалық мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарында айқындалған міндеттер мен өкілеттіктерге сәйкес жұмыс істейді.

Комиссия жұмысы жылдық жоспар және мәслихаттың атына келіп түсетін ағымдағы мәселелер негізінде құрылады. Мәслихат жұмысының жоспарын әзірлеу кезінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары негізге алынды, бұл аса маңызды және өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік сипаттағы мәселелерді қарау және шешу комиссия қызметінің негізгі бөлігі болып табылады.

Есепті кезеңде Комиссия 13 отырыс өткізді, оның ішінде 9 бірлескен отырыс. 26-дан астам мәселе қаралды, оның ішінде қалада сәулет және қала құрылысы қызметі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қоғамдық-саяси және діни ахуалдың жай-күйі, негізгі азық-түлік өнімдері мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар, Қостанайда жолаушылар тасымалын дамытудың жай-күйі мен перспективалары, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және т. б.

Қостанай қаласының қала құрылысы, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері әрқашан өзекті болып табылады. Тұрақты комиссияның бірінші отырысында депутаттар «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а.                  Р.С. Кенекбаеваның қалада сәулет және қала құрылысы қызметі бойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысты баяндамасын тыңдады. Комиссия мүшелері жаңа тұрғын үй шағын аудандарында ашық тұрақ орындарының жетіспеушілігі және қаланың шалғай аудандарында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болмауы сияқты аса өткір проблемаларды атап өтті.

Мәслихат депутаттары жолаушылар тасымалына ерекше назар аударады. Осыған байланысты, комиссия мүшелерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.С. Есергеповтың Қостанайдағы жолаушылар тасымалының жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндамасы тыңдалды. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік бюджеттен тасымалдаушылардың жол жүру жеңілдіктерін және әлеуметтік маңызы бар маршруттардың бекітілген және есептік тарифтері арасындағы айырмашылықты беруге арналған шығындарын өтеу үшін ақшалай қаражат бөлінді. Талқылау барысында мәслихат депутаттары бірқатар маршруттық автобустардың қозғалыс сызбасы мен аралығы, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі, тарифтік мөлшерлемелерді өзгерту, автобус паркін жаңарту сияқты проблемаларды қозғады. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін депутаттар ТҮКШ бөліміне қаланың барлық бағыттары бойынша автобустар аралығына мониторинг жүргізуді, сондай-ақ қаланың шалғай аудандарындағы автобустар қозғалысының схемасын қайта қарауды ұсынды.

Қала халқының әлеуметтік әл-ауқатының маңызды бағыттары қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтық, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру болып табылады. Осыған байланысты отырыстарда «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Б. Ещанованың «Қаладағы қоғамдық-саяси және діни ахуалдың жай-күйі туралы» және «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» баяндамалары қаралды. Мәслихат депутаттары жастарға адамгершілік тәрбие беру мәселесін қозғап, қазіргі заманғы діни ағымдардың қызметі мәселелері бойынша жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларға ерекше назар аударуды ұсынды.

Қоғамдық әл-ауқаттың маңызды элементтерінің бірі азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі болып табылады. Осыған байланысты тұрақты комиссия отырысында депутаттар «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы И.Г. Тимошенконың «Негізгі азық-түлік өнімдері мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөніндегі жай-күй және шаралар туралы» баяндамасын тыңдады. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы өз баяндамасында халықтың сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тоқтату бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы меморандумдар жасау бойынша бөлім сауда желілерімен тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Депутаттар халықтың осал топтары үшін әлеуметтік тауарлардың ассортиментін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Тұрақты депутаттық комиссия сондай-ақ «Қостанай қаласы аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы» мәселені қарады. Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д.С. Турежанов депутаттарды қаладағы ағымдағы өрт жағдайымен және елді мекен шегіндегі қауіпсіздік техникасының жаңа қағидаларымен таныстырды.

Комиссияда жұмыс тәртібінде «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралды. Сабит Жумабекович Таставлетовтың кандидатурасы депутаттардың бірауыздан қолдауына ие болды және қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді. Сондай-ақ, мәслихат комиссиясының бірлескен отырысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін сатып алу туралы шарттарының жобалары қаралды. Барлық жер иелері келісім-шарт жобаларының шарттарымен келісті.

Шарт талаптарын орындау бойынша қаланы абаттандыруға жауапты мердігер ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу үшін Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары және жергілікті атқарушы органдардың жауапты тұлғалары қатарынан жұмыс тобы құрылды. Жыл басында мәслихат депутаттары көктемгі жылымық қарсаңында облыс орталығындағы қарды тазалауға мониторинг жүргізді, ал жаз мезгілінде қала көшелері мен іргелес аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мәслихат депутаттары Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы және «Nur Otan» партиясының филиалдары, «Ақ жол» ҚДП және «Ауыл» ХДПП жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына белсенді қатысады.

Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

«Әлеуметтік сұрақтар, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының  2021 жылғы жұмысының қорытындылары туралы» тұрақты депутаттық комиссия төрағасының есебі бекітілсін.

Қостанай қалалық

мәслихатының хатшысы                                                               Б. Сандыбеков

Дата публикации
24 декабря 2021