«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Бекітілді                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Қостанай қалалық мәслихатының хатшысының                                                                      2021 жылғы «8» желтоқсандағы № 52 өкімімен                                                                                   

     

«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Осы «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат аппаратының құзыреті салаларында тыйым салу, шектеу және рұқсат беру жүйесін білдіреді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1) Аппарат қызметкерлерінің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты және жауапкершілікті қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарын алдын алу;

3) аппарат қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппарат қызметінде өз функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты аппараттың барлық қызметкерлері орындауға міндетті;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуына аппараттың барлық қызметкерлері дербес жауапты болады.

5. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

6. Аппарат басшысы тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде (егер ақпарат өзге мерзімде сұратылмаса) мәслихат хатшысына Аппарат қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауы туралы ақпарат береді.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппарат қызметкерлерінің қызмет саласына байланысты белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеті мен шешімін айқындайды.

9.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әрекет етеді:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;

2) құзыреттер шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде;

3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде;

4) саланың ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде.

10. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға міндетті;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті;

3) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

4) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті.

11. Құзыреттер шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) мүдделер қақтығысына жол бермеуге, олар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті;

2) мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, көрсетілетін қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамауға тиіс;

3) берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға құқығы бар.

12. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) Егер нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын болса, оларды қоғамдық талқылаусыз әзірлеуге және қабылдауға жол бермеуге;

2) өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеуге міндетті.

13. Саланың ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:

1) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға міндетті;

2) заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

3) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті.

14. Жетекшілік ететін салаларда сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысу кезіндегі мәслихат аппараты қызметкерлерінің іс-қимылы:

1) егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс;

2) мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Дата публикации
08 декабря 2021