Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 12 (он екі) адамнан тұратын Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы «23» қыркүйек – «04» қазан аралығында.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қосшы қаласы, Республика көшесі 46, екінші қабат аппарат мәслихаты бөлімі, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде. Электронды мекен-жай: maslikhatgorodakosshy@bk.ru
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.
қосымша.1 Өтініш
қосымша.3 Ұйымның бланкісі
Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
Жұмыс тобының басшысы
С.М. Дүкенбаевқа
(АТӘ)
Кімнен_____________________________
Мекен жайы________________________
____________________________________
Телефон____________________________
Өтініш
Мен,______________________________________________________________,
(аты-жөні)
Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурсқа қатысу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Автобиографиялық мәліметтермен бірге кәсіби және қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қоса беремін.
Қосымша: ___ бетте.
Аты-жөні ___________________
қолы
"__" _________2024 жылғы
Суретке арналған
орын
САУАЛНАМА
Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты_______________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(қызметтік, үй, ұялы)
202___ жылғы «___» __________ ____________ ________________ (қолы) (Т.А.Ә.)
Үлгі
ҰЙЫМНЫҢ БЛАНКІСІ
Шығ. № 2024 жылғы « » _______
Косшы қаласының
Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі
Жұмыс тобының басшысы
С.М. Дүкенбаевқа
(АТӘ)
Қосшы қаласының Қоғамдық Кеңесінің құрамына конкурсқа қатысу үшін, "____________" Қоғамдық бірлестігі,"___________", қоғамдық бірлестігінің
(ҚБ атауы) (ҚБ атауы)
төрағасы болып (мүшесі) табылатын___________, кандидатурасын
(аты-жөні)
ұсынады.
Автобиографиялық мәліметтермен бірге кәсіби және қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қоса беремін.
Қосымша: ___бетте.
"__" _________2024 жылғы
ҚБ Төрағасы (орынбасары) ___________________ Аты-жөні
қолы