Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысы Қосшы қаласының мәслихаты аумақтық және 12 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қалалық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 10 қарашадан бастап 01 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманы білуге арналған «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы жүйе арқылы тестілеуден өткені туралы сертификатқа ие болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу күні, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 01 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ә.Ж. Қуатбеков - Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы
Мәслихаттың орналасқан жері: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46.
Жауапты тұлға - Сүлейменов Нұрбек Мұратұлы, Қосшы қаласы мәслихатының аппараты, қалааралық телефон коды (87122) 607-772, ұялы телефоны 87058069341, электрондық пошта мекенжайы maslikhatgorodakosshy@bk.ru.
Ақмола облысы Қосшы қаласының мәслихаты
Қалалық мәслихат қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және 12 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды.
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
Қосшы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы |
||||
|
1. |
|
Қосшы қ, Республика көшесі, 46 |
7 |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары – 12 |
||||
|
1. |
№ 740 |
Қосшы қ., "Лесная поляна" тұрғын үй кешені, 18/1, №2 жалпы білім беретін мектеп ғимараты |
7 |
|
|
2. |
№ 741 |
Қосшы қ., "Лесная поляна" тұрғын үй кешені, 18/1, №2 жалпы білім беретін мектеп ғимараты |
7 |
|
|
3. |
№ 742 |
Қосшы қ., Ғани Абсағитов көшесі, 7, Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің ғимараты. |
7 |
|
|
4. |
№ 743 |
Қосшы қ., "Лесная поляна" тұрғын үй кешені, 18/1, №2 жалпы білім беретін мектеп ғимараты |
7 |
|
|
5. |
№ 744 |
Қосшы қ., Әліби Жангелдин көшесі, 16, "Дара "Бизнес – академиясы"лицей мектебінің ғимараты. |
7 |
|
|
6. |
№ 745 |
Қосшы қ., Ғани Абсағитов көшесі, 7, Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің ғимараты. |
7 |
|
|
7. |
№ 746 |
Қосшы қ., "Лесная поляна" тұрғын үй кешені, 18/1, №2 жалпы білім беретін мектеп ғимараты |
7 |
|
|
8. |
№ 747 |
Қосшы қ., Республика көшесі, 28, жастар ресурстық орталығының ғимараты. |
7 |
|
|
9. |
№ 748 |
Қосшы қ., Республика көшесі, 28, жастар ресурстық орталығының ғимараты. |
7 |
|
|
10. |
№ 749 |
Қосшы қ., Жамбыл Жабаев көшесі, 24 А, мәдениет үйінің ғимараты. |
7 |
|
|
11. |
№ 750 |
Қосшы қ., Желтоқсан көшесі 37/1, "it мектеп-лицей" ғимараты. |
7 |
|
|
12. |
№ 751 |
Тайтөбе а., Кенесары хан көшесі, 15 орта мектеп ғимараты. |
7 |
|
Ақмола облысы Қосшы қаласының мәслихаты