Объявление

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік Ережесінің 36 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі өз өтініштеріне байланысты қоғамдық кеңес құрамынан шыққан 3 (үш) орынға және резервте тұрған азаматтың тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты резервте болудан бас тартуына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелігіне резервке 2 (орынға),  барлығы 5 (бес) орынға Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі  конкурс жариялайды.

     Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

     Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы «22» мамыр – «2»  маусым  аралығында.

     Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383  Заңының 10 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға төмендегідей талаптар қойылады:

     1)  конкурс жариялаушы:  Қосшы қалалық қоғамдық кеңесі

мекен-жайы: Қосшы қаласы, Республика көшесі, № 46

электрондық пошта: maslikhatgorodakosshy@bk.ru.

     2) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақмола облысының Қосшы  қаласында тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

     3) қазіргі жұмыс жасап жатқан қоғамдық кеңестің  құрамында қолданыстағы заң талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен өкілдік ететіндер саны жеткілікті болғандықтан,  конкурсқа өтінімдер жеке азаматтардан қабылданады.      

     Қоғамдық кеңес  мүшелігіне кандидат:

     1)  жойылмаған және алынбаған соттылығы болмауы;

     2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

     3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтарды (аурулардың) себебі бойынша   (психикалық, наркологиялық) нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

      Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

      Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын  құжаттар тізбесі:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың (үлгіге сәйкес толтырылған) өтініші;

      2) кандидаттың өмірбаян деректері көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер:

     3)  соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

     4)  психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін затарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

     5) жеке куәліктің көшірмесі  ұсынылады.

    

 Кандидаттар мынадай  жағдайлардың бірі  болған кезде:

     1)  заңда   белгіленген  талаптарға  сәйкес келмеген жағдайда;

     2) хабарландыруда көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

     3)  анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (мәліметтерді) ұсынса, сайлану үшін  конкурсқа жіберілмейді.

     Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар мен өтініштер жазбаша немесе электронды түрде, хабарландыру берілген күннен бастап он  жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қосшы  қаласы, Республика көшесі 46,  мәслихат бөлмесі, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін.

      Электронды мекен-жай: maslikhatgorodakosshy@bk.ru

 

      Жеке азаматтар үшін өтініш үлгісі қоса тіркелді

 

 

       Қосшы қалалық қоғамдық   кеңесінің  төрағасы  С.А. Матайбаеваға

 

 

                                                                            ( тұрғылықты мекен- жайы)

телефон_________________

 

 

                                                 ӨТІНІШ

 

        Мен, ____________________________________өзімнің кандидатурамды Қосшы қалалық Қоғамдық кеңесінің құрамына кіру үшін конкурсқа қатысуға  ұсынамын.

       Өзіме қатысты  барлық мәліметтер мен құжаттарды, өмірбаянымды ұсынамын.

 

                                                                  Қоса тіркелді:  ___ бетте.                

     Аты -жөні  ____________________     қолы                                                                          

 

 

 

             Председателю  Общественного 

              совета города Косшы

              С.А. Матайбаевой

 

 

                                                                            ( место жительство)

телефон_________________

 

                                                ЗАЯВЛЕНИЕ

 

       Я, ____________________________________ выдвигаю свою кандидатуру для участия  в конкурсе  в составе Общественного совета города Косшы.

      Сведения об общественной деятельности с указанием автобиографических данных прилагаю.

                                                                                 Приложение:  на  ___  листах

 

            Ф.И.О.    _____________________ подпись                                 

 

          

«_____»__________2023 г.

Объявление
Дата публикации
19 мая 2023