Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің Ережесі

ҚОСШЫ  ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ

 

ЕРЕЖЕСІ

 

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Қоғамдық кеңестің құқықтық мәртебесі

 

  1. Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағынасәйкес әзірленді.
  2. Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі Қоғамдық кеңес) - Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші, байқау органы.
  3. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  4. Қоғамдық кеңес заңды тұлғаның құқықтарын иеленбейді және өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
  5. Қоғамдық кеңес автономды және дербес болып табылады және азаматтардың, өз қызметін Қосшы қаласының аумағында жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің тең құқылы және ерікті қатысу қағидаттары негізінде әрекететеді. 
  6. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 

  1. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын,  аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын  талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, аумақтарды  дамыту бағдарламаларының,  мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

 3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен  міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6)  қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

8)  қоғамдық бақылауды  «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9) Қоғамдық кеңес туралы Ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

 

2 ТАРАУ. ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ

 

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері.

 

  1. Жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

  1. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
  2. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  3. Жұмыс тобының сандық құрамын Қосшы қалалық мәслихатының хатшысы айқындайды.

11.Қосшы қалалық мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы  хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  Қосшы қалалық мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.

 Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

  1. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  1 тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  2. Қосшы қалалық мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң  келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
  3. Қосшы қалалық мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
  4. Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
  5. Жұмыс тобының құрамы Қосшы қалалық мәслихатының хатшысымен шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
  6. Жұмыс тобының құрамы Қосшы қалалық мәслихатының және Қосшы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

  1. Жұмыс тобының өкілеттіктері

 

  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

 

  1. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

 

  1. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  3. Жұмыс тобының отырыстарын Қосшы қалалық мәслихатының хатшысы жүргізеді.
  4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағынасәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
  7. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  8. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  9. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы Қосшы қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  10. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
  11. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

 

3 ТАРАУ.ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

 

  1. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның
     төралқасының өкілеттіктері

 

  1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, Қосшы қалалық мәслихатының хатшысы,Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
  3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

  1. Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

 

  1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының
    өкілеттіктері

 

  1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қолқояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

  1. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

 

  1. Қоғамдық кеңестің тұрақты және уақытша комиссиялары

 

  1. Қоғамдық кеңес өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші ұйымдастырушылық отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан кеңестің қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңес сайлайды.

Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамы Қоғамдық кеңес төрағасының ұсынысы бойынша айқындалады.

Тұрақты комиссиялардың саны төрттен аспауға тиіс.

Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиялары төрағаларының кандидатуралары кеңестің бірінші ұйымдастырушылық отырысында шығарылады. Кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кеңес отырысынд атөрағалардың кандидатураларын талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткізіледі.

Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құраалады.

  1. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Заңыменайқындалады.

39.Кеңестің қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді отырыстарда қарауға дайындау мақсатында Қоғамдық кеңес не оның төрағасы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттікмерзімдері мен құқықтарын оны құрған кезде Қоғамдық кеңес не Қоғамдық кеңес төрағасы айқындайды.

  1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасын емесе Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша жариятыңдаулар өткізе алады.
  2. Қоғамдық кеңес отырысын өткізу кезінде есеп комиссиясының функциялары Қоғамдық кеңес төрағасына жүктеледі.

 

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
    Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
  3. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі. Әр отырысының алдында оған қатысып отырған Қоғамдық кеңес мүшелерін тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін Қоғамдық кеңес төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.
  4. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңес төрағасының немесе Қоғамдық кеңес мүшелері санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын Қоғамдық кеңес шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзуге жол беріледi.

 Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

  1. Қоғамдық кеңес өз қызметін келешек жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Қоғамдық кеңестің кезекті Отырыстары келешек жұмыс жоспарына сәйкес, алайда жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
  2. Отырыстың күн тәртібін келешекті жұмыс жоспарының, Қоғамдық ткеңестің тұрақты комиссиялар және Қосшы қаласының әкімі ұсынған мәселелердің негізінде Қоғамдық кеңес төрағасы қалыптастырады. Отырыстың күн тәртібін толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Отырыстың күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
  3. Отырысқа енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін Қоғамдық кеңес төралқасыотырысты дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді уақтылы ұйымдастырады.
  4. Төраға мәслихат отырысты өткізу уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ кезекті отырыстың қарауына енгізілетін мәселелер туралы Қоғамдық кеңес мүшелеріне отырыс өткізілгенге дейін кемінде 5 күн бұрын, ал кезектен тыс отырыс шақырылған жағдайда, кемінде 3 күн бұрын хабарлайды.
  5. Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің қарауына жататын мәселелер бойынша қала әкімі немесе оның орынбасарлары, отырыста жұмысы туралы ақпараты қаралатын мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғалары шақырылады.Отырыстарға бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

 

  1. Қоғамдық кеңес актілерін қабылдау тәртібі

 

  1. Қоғамдық кеңес өз құзыретінің мәселелері бойынша кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен келесі сипаттағы шешімдерін қабылдайды.

1)      ұсыныстар («Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 20 бабы 6 тармағына сәйкес);

2)      қорытындылар («Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 20 бабы 5 тармағына сәйкес);

3)      қорытынды хаттамалар («Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 21 бабы 6 тармағына сәйкес);

4)      қарарлар («Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 23 бабы 3 тармағына сәйкес)

  1. Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлеуді кеңес төралқасы жүзеге асырады.

53.Қоғамдық кеңес төрағасы қарауға бағдарламалардың жобаларын, есептерді, барлық қажетті материалдары қоса ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды. Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың Қоғамдық кеңес мүшелерітартылуы мүмкін.Жұмыс тобының жұмысына кез келген Қоғамдық кеңес мүшесі қатыса алады.

  1. Бағдарламалардың жобаларын, есептерді, барлық қажетті материалдары қоса ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын алдын-ала қарау тапсырылған Қоғамдық кеңес немесе тұрақты комиссиялар, сондай-ақ ол құратын уақытша комиссиялар шешім жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуі, осы жобалар бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың пікірлерін сұрау, дайындалатын мәселелерді халықпен, қоғамдық бірлестіктермен алдын-ала талқылауы мүмкін.

  Қажет болған жағдайда, Қоғамдық кеңес шешімімен шешім жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Осы жағдайда азаматтардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді тіркеу мерзімі мен тәртібі бекітіледі.

  1. Қоғамдық кеңеске жіберілетін шешім жобаларының материалдары келесілерден тұруы тиіс:

1) шешім жобасы;

2) шешімді қабылдау қажеттілігін түсіндіретін түсініктеме хат, толық қабылдану мақсаттары мен міндеттері, қабылданған шешімнің болжаулы салдары және негізгі ережелері;

3) егер ол материалдық шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебі;

4) шешімдердің жобалары атқарушы органмен жіберілген жағдайда, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қолданыстағы заңдарға сәйкестігі туралы қорытындысы;

5) мүдделі органдардың келісімі, олардың басшыларының қолы.

  1. Қоғамдық кеңетің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады.
  2. Ашық дауыс беру кезінде, дауыстарды санау есептеу комиссиясына жүктеледі.

Ашық дауыс берудің алдында төрағалық етуші дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын айтады, олардың түс-сипатын айқындайды, шешімнің қандай дауыс басымдылығымен қабылданатынын еске салады.

  1. Шешімдердің баламалы жобаларын Қоғамдық кеңес және оның органдары негізгі жобамен бірге қарайды. Отырысқа мәселені дайындауға қатысатын тұрақты комиссиялардың арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, комиссиялардың төрағалары және Қоғамдық кеңес төрағасы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер Қоғамдық кеңестің назарына жеткізіледі.
  2. Отырыста мәселені қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың қосымша баяндамалары тыңдалады.

Комиссияның баяндамасында жобаға енгізілген және қайтарылған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.

Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасы бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.

  1. Қоғамды кеңес отырысы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.

Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.

  1. Қоғамдық кеңес шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:

1) Қоғамдық кеңес шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;

2) негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады;

3) Қоғамдық кеңес шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы отырыста қайта дауыс беруге жол берілмейді.

  1. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін төрағалық етуші айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.

Қоғамдық кеңес шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.

Отырыстардың хаттамалары отырыстан кейін он бес күннен кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.

  1. Өз талқылаулары нәтижесінде Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсыныстар жасайды, оған тиісті мемлекеттік органның басшысы немесе оның орнын басатын тұлға қол қойған дәлелді жауап беріледі.

 

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттік терін тоқтату

 

  1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
  2. Қоғамдық кеңестің мүшесі

- денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда;

- есептік кезеңде жартысынан көп кеңес отырыстарына қатыспаған;

-«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

  1. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

 

4 ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

 

  1. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы
     мақсаттары мен міндеттері

 

  1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
  2. Жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.
  3. Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.

 

  1. Қоғамдық бақылау нысандарымен тетіктері

 

  1. Қоғамдық кеңес Қоғамдық бақылауды келесі нысандарда жүзеге асырады:

1)      қоғамдық мониторинг;

2)      қоғамдық тыңдау;

3)      қоғамдық сараптама;

4)       Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау 

  1. Қоғамдық бақылау:

1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;

3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;

4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;

5) сұрау салулар беру;

6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру

және жүргізу тәртібі

 

  1. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.
  2. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасындабелгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
  3. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;

3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;
          4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

  1. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдайды және оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

 

  1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

  1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.

  1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
    1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
          4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

  1. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
  2. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

  1. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
  2. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

82.Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

  1. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.    

 

  1. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру

және жүргізу тәртібі

 

  1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

  1. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.

     

  1. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды
     ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

  1. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
  2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) есепті тыңдау күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

  1. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

  1. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

 

5 ТАРАУ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Қоғамдық кеңес құрамы мен осы Ереже бекітілгеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері өз құқықтар мен міндеттеріне ие болады.
  2. Осы Ережеге Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша дауыс беру арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің Ережесі
Дата публикации
20 декабря 2021